Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Лейкоциттер, олардың функциялары. Лейкоциттердің саны. Лейкоцитарлық формула



бет11/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
6.Лейкоциттер, олардың функциялары. Лейкоциттердің саны. Лейкоцитарлық формула.
Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.
Леййкоциттердің денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. Олардың қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген.
Түйіршіксіз лейкоциттер: 1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады. 2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады.
7.Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). ЭТЖ механизмі. Панченков бойынша ЭТЖ анықтау тәсілі. ЭТЖ көлемінің клиникалық маңызы.
Ұю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқылынын натрий ерітіндісін қосу арқылы) мензуркага құйып бiр сағат сақтаса канның ең жеңiл бөлiгi - плазма қанның бетiне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердiн тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы (биіктігі) әртүрлі болады.

Плазма қабатынын биiктiгi мм есебiмен өлшенедi де эритроциттердiң тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердiн тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрлiше, ерлерде сағатына 1-10 мм әйелдерде 2-15 мм. Екi қабат әйелде эритроциттер тез тұнады (сағатына 30-40 мм). Жаңа туған нәрестеде -0,3-2 мм/саг. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну процесiнiң күшейгенiн не бәсендегенiн (емдегеннен кейiн) бiлуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның эритроциттерiнiң тұну жылдамдығы бiрнеше рет анықталады.


Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген пiкiрлер бар. Солардың бiрi - эритроциттердiң тұнуы - физикалык құбылыс, сондықтан ЭТЖ-ғын физика заңымен түсiндiруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердiң меншiктi салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұнады. Бiрақ көптеген тәжірибелер бұл пікірді растамайды.


1. Жылқы мен бұқа эритроциттерiнiң меншiктi салмағы бiрдей бiрақ
жылқы эритроциттерi тез шөгеді.

2. Эритроциттер әдетте - жүзiп жүрген кішкене түйіршіктер. Олар көпке дейiн тұнбайды. Тұнар алдында олар бiр-бiрiмен жабысып, теңгелер тiзбегi сияқты бағана құрады. Демек, эритроциттер конгломерат (үйiндi) күйiнде тұнады. Сондықтан конгломерат құрылуын тек физикалык зандылықтармен не белгiлi бiр химиялык затка тән қасиеттермен түсiндiру қиын.


Эритроциттердің шөгуіне басқа себептер де әсер етеді. Мәселен, холестериннің, эритроциттер санының, плазмадағы қышқыл қалдықтардың көбеюі эритроциттерді тез тұнады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет