ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 1.Жұлынның физиологиясы. Алдыңғы және артқы түбіртектердің функциялары. Жұлын нейрондары, олардың жіктелуі. Жұлын рефлекстерінің ең маңыздысы және орталықтарының орналасуы. Жұлын- омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, өткізгіш және рефлексті қызмет атқаратын ОЖЖ бөлімі. Жұлын ақ және сұр заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның дәл ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына ұқсайды. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйкелер импульсті ет, тері, сіңір, ішкі ағзалар рецепторларынан әкеледі. Ал қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға, қаңқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалтқыш нейрондар аралық нейрон арқылы немесе 1-1мен тікелей байланысып, рефлекстік доға түзеді.Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Дегенмен біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты.
Жұлынның афференттік және аралық нейрондардың аксоны мен бұтақтары рецептордағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғарға қарай өрлейтін жол құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затының артқы және бүйір бағандарына өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі бағандарында өтеді.
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен баайланысады. Сондықтан жұлынның 1 түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Себеі оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.
Жұлын нейрондары. Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрондар бар. Олардың 97 % сезгіш және 3 қозғалтқыш нейрондар. Қозғалтқыш нейрондардың альфа жәнн гамма екі түрі сұр заттың алдыңғы мүйізінде орналасады.
--- альфа мотонейрон ең үлкен клетка. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Тұтас 1 бұлшықеттің барлық миоциттерімен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Осыған орай жиырылатын ет талшықтарының саны оған байланысты етті жиыруы әртүрлі болмақ. Гамма мотонейрон альфа-мотонейронның тонусын тежейді. Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі рецептор- ет ұршығы жиырылады. Одан гамма-мотонейронға барған серпіністер экстрафузальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді. Сөйтіп, альфа мотонейронның әсерін үдетеді.
--- Аралық нейрондар басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін синапстар құрады. Демек олар қозу мен тежелу процестерінің тууын реттейді және белгілі 1 сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы мүйіздің шылбыр бөлімінде орналасады. Шылбыр клеткалардың аксондары жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрады. Аралық нейрондар қатарына мотонейронның айналасындағы оны тежеуші Реншоу клеткалары жатады. Аралық клеткалар арқылы ми бағанының торлы құрылымдары жұлында пайда болатын қозу, тежелу процестерін реттейді.
--- Сезгіш нейрондар жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл клетканың 1 талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте 2-ге бөлінеді. Оның бірі рецепторларда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Вегетативтік жүйке жүйесінің ганглийге дейінгі симпатикалық нейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерінің бүйір мүйізінде, ал парасимпатикалық нейрондары сегізкөз бөлімінде орналасады. Олардың көбі эфференттік нейрондар көптеген висцеральдық рефлекстердің орталығы. Жұлынның сұр затында ( еттерді бүгетін, жазатын), еттің ұзаққа созылатын қатаюын (тонустық) және фазалық (әлсін-әлсін ) жиырылуын тудыратын рефлекстер орталығы болады. Мұнымен қатар вегетативтік функцияларды реттейтін орталықтар