Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет42/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

ҚОСЫМША 
 
1. Стерильдеуші заттар 
Э т и л с п и р т і
(C2H2OH) өсімдік объекттерін залазсыздандыру 
үшін пайдаланылады, оның үстіне, оны баска залалсыздандырушы 
заттарга косса оның әсер етуі күшейеді. 
Түйнектер мен тамыржемістерді стерильдеу үшін оларды 96% тік 
этил спиртінде 5 мин ұстайды, бірақ дистильденген сумен жумайды. 
Төбелік бүршіктерді, тозандықтар мен түйіндерді (жатын) 1 мин 
70%-тік спиртте стерильдейді, 3 рет стерильді дистильденген сумен 
шайып, Петри тостағаншасына салады. 
Н а т р и й г и п о х л о р и т і 
(NaCIO) дәндерді жәнс өсімдіктердің 
басқа да бөліктерін стерильдеу үшін пайдаланылады. Онан басқа 
залалсыздандырушы зат ретінде 5,25%-тік натрий гипохлоритінің 
судағы ерітіндісі - коммерциялық препарат 
«Хлорокс» пайдаланылады. 
Нәзік ұлпаларды 
(апикальды меристема, тұқымбүршік) 
стерильдеу үшін натрий гипохлоритінің әлсіз срітіндісі (0,5%) 
қолданылады (3-5 мин). Натрий гипохлориті өсімдік клеткасы үшін 
улы зат болып табылады. Натрий гипохлоритне малынған материалды 
дистильденген сумен бірнеше рет жуған күннің өзінде де оның 
қалдықтары қалып қояды, ал ол өсімдік клеткасына қоректік заттардың 
сіңірілуіне кедергі жасайды. Бұл заттан толық арылу үшін 
стерильденген материалды 0,01 н НСI ерітіндісінде ұстап, сонан кейін 
стерильді дистильденген судың 8-10 порциясымен жуады (материалды 
судың әр порциясында 5 минуттен ұстайды). 
К а л ь ц и й г и п о х л о р и т і
(Сa(CIO)2), натрий 
гипохлоритімен салыстырғанда, өсімдік ұлпасы үшін улылығы 
төмендеу зат. Түйнектердің, тамыржемістердің, өркендердің 
дәндердің, тамыр, бүршік, жапырақ, гүлшоғырдың сыртын 
залалсыздандыру үшін кеңінен қолданылады. Жамылғылары қалың 
болып келетін тамыржемістер, түйнектер мен дәндерді стерильдеу 
үшін калий гипохлоритінің 70-90%-тік ерітіндісі қолданылады (20-30 
мин). Шөптесін өсімдіктердің жас өркендерін, жапырақтары мен 
сабақтарын осы тұздың 20-40%-тік ерітіндісімен (10-15 мин), ал 
төбелік бүршіктерді - 5-7%-тік ерітіндісімен өңдейді (5-10 мин). 












































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет