Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ 
АДВЕНТИВТІ БҮРШІКТЕР
- өсімдіктің бүршік түзбейтін 
клеткалары мен ұлпаларында пайда болған бүршіктер. 
АДВЕНТИВТІ 
ЭМБРИОНИЯ
- өсімдіктің ұрық түзбейтін клеткалары мен 
ұлпаларында 
пайда 
болган 
ұрықтар. 
АКРОПЕТАЛЬДЫ 
ТАСЫМАЛДАУ
- өсімдіктердегі сабақтың 
апикальды меристемасы бағытына қарай заттардың тасымалдануы. 
АНАЛЫҚ ГАМЕТОФИТ
- немесе, ұрыққап.
АНДРОГЕНЕЗ
- аталық партеногенез - жұмыртқаклетканың 
цитоплазмасындағы аталық гамета ядросынан гаплоидты организмнің 
дамуы. 
АНДРОГЕНЕЗ IN VITRO (АНДРОКЛИНИЯ)
- микроспорадан 
тікелей эмбриогенез жолымен немесе каллус арқылы өсімдіктің пайда 
болу процесі. 
АПЕКС
- сабақтың немесе тамырдың төбелік өсу нүктесі. 
АПИКАЛЬДЫ БАСЫМДЫЛЫҚ
- жоғарғы бүршіктің жанама 
бүршіктердің өсуін тежеуі. 
АТАЛЫҚ ГАМЕТОФИТ
- немесе, жетілген тозандық дән. 
АСЕПТИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
- толык залалсыздандырылған жағдай.
АУКСИНДЕР
- индол тобына жататын фитогормондар және олардың 
туындылары: индолил-3-сірке қышқылы (ИСҚ); индолилмай 
қышқылы 
(ИМК), 
нафтилсірке 
қышқылы 
(НСҚ), 
2.4- 
дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д) және т.б. сабақ пен тамырдың 
өсуін қарқындатады, өскіндерде тамырдың пайда болуын 
стимульдейді. 
БУДАН 
- скі ата-анасының ядролық гендерін сақтап қалған организм. 
ВЕГЕТАТИВТІ КЛЕТКА
- жаңадан өсіп келе жатқан тозаңның бір 
клеткасы, тозаң түтігін түзеді, ұрықтану процесіне қатыспайды. 
ВИТРИФИКАЦИЯ -
өсімдіктерді жасанды ортада (in vitro) өсіргенде 
болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол суланады да әйнек 
тәрізді болады. 
ГАМЕТАЛАР
- дене (сома) клеткаларымен салыстырғанда гаплоидты 
(екі есе аз) хромосомалар жиынтығы бар, жетілген аталық және аналық 
жыныс клеткалары.
ГАМЕТОФИТ
- гаплоидты хромосома жиынтығы (n) бар осімдіктің 
жыныстық ұрпағы. 


ГАПЛОИД
- сынар, дара (гаплоидты) хромосомалар жиынтығы 
болатын ядро, клетка, организм; гамсталар сынар хромосомалар 
жиынтығын ұстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет