Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

1.5. Зертханалық жұмыстар 
№1 жұмыс.
Ыдыстар мен аспаптарды дайындау 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Диаметрі 15-25 мм-лік пробиркалар; диаметрі 40-90 мм-лік
Петри тостағаншалары, көлемі 1-25 мл-лік шыны пипеткалар: көлемі
25-1000 мл-лік өлшегіш цилиндрлер; көлемі 50-1000 мл-лік өлшегіш 
стакандар; көлемі  200-500  мл-лік фарфор стакандары; көлемі 250-500 
мл-лік, формасы конус тәрізді колбалар; жууға арналған заттар (жуу 


түйіршіктері, сабын); хромпик; орауға арналған қағаз; алюминий 
фольгасы; целлофан. 
Аспаптар (пинцеттер, скальпельдер, бөлшектеуге арналған
инелер). 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1. Ыдыстарды детергенттер ерітінділерінде ( кір жуатын
 
түйіршіктер, сабынды су) жақсылап жуу.
 
2. Детергенттерден тазалау үшін ыдыстарды краннан ағып тұрған 
сумен 8-10 рет шаю. 
3. Ыдыстарды хромпике салып, 4-6 сағаттан соң 10 рет краннан 
ағып тұрған сумен, онан кейін 5 рет дистильденген сумен шаю. 
4. Таза ыдыстарды 2 сағатқа температурасы 130-1700С-ға дейін 
қыздырылған шкафқа салып кептіру. 
5. Металдан жасалған аспаптарды қалың қағазға орап 2 сағатқа 
температурасы 170-200°С-ға дейін қыздырылған шкафқа салып 
ксптіру. 
6. Құрғак ыдыстарды, аспаптарды кағазбен немесе целлофанмен 
орап шыны шкафтарда немесе зертханалық лаборатория 
столдарының суырмаларында сақтау. 
№ 2 жұмыс.
 
Қоректік орталар үшін концентрлі 
ерітінділер дайындау 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Макро- және микроэлементтердің түздары, фитогормондар, 
витаминдер, этил спирті, Ін NaOH немесе КОН ерітінділері. 
Химиялық стакандар; колбалар; көлемі 10-1000 мл-лік өлшегіш 
цилиндрлер; пробиркалар; көлемі 1-10 мл-лік жай немесе автоматты 
пипеткалар: аптека және торсионды таразылар; электр плиткасы; су 
моншасы; магнитті араластырғыш; пинцеттер; қайшылар; 
шпательдер; жұқа алюминий фольгасы; пергамент қағазы. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 


1. 
Үлгі бойынша макроэлементтердің концентрлі (маточный) 
ерітіндісін дайындау.
Ол үшін әр тұздың 10 есе артык 
массасын өлшеп алып, дистильденген судың аз көлемінде баяу 
қыздыра отырып ерітеді. Бөлме температурасына дейін суыған 
срітіндіні өлшегіш колбаға құйып, көлемін дистильденген 
сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. 1 л қоректік орта дайындауға 
концентрлі ерітіндінінің 20 мл-і жұмсалады. 
2.
Үлгі бойынша микроэлементтердің концентрлі ерітіндісін 
дайындау
. Ол үшін әр тұздың 100 есе артық массасын өлшеп
алып, дистильденген судың аз көлемінде баяу қыздыра отырып 
ерітеді. Бөлме температурасына дейін суыған ерітіндіні 
өлшегіш колбаға құйып, көлемін дистильденген сумен 200 мл- 
ге дейін жеткізеді. 1 л қоректік орта дайындауға концентрлі 
ерітіндісінің 2 мл-і жұмсалады. 
3. 
Темір хелатының концентрлі ерітіндісін дайындау
(қосымшаны қара), 1 л қоректік орта дайындауға ерітіндінің 5 
мл-і жұмсалады. 
4. Ауксиннің концентрлі ерітіндісін дайындау. Ол үшін 100 мг 
фитогормонды (ИСҚ, 2,4-Д, НУК, ИМҚ, пиклорам) 1-2 мл этил 
спиртінде ерітеді (әр гормонды бөлек), аздап қыздырып,
көлемін дистильденген салқын сумен 100 мл-ге жеткізеді.
Осыдан срітіндінің 1 мл көлсмінде 1 мг фитогормон 
болатындығын байкау қиын емес. 
5. Цитокининдердің концентрлі ерітіндісін дайындау. Ол үшін
100 мг фитогормонды (кинетин, зеатин, БАП) 0,5-1н NaOH
(КОН) ерітінділерінің аздаған көлемінде ерітеді (әр гормонды 
бөлек), аздап қыздырып, көлемін дистильденген салқын сумен 
100 мл-ге жеткізеді. Осыдан ерітіндінің 1 мл көлемінде 1 мг 
фитогормон болатындығын байқау қиын смес. 
6. Витаминдердің концентрлі ерітіндісін дайындау. Ол үшін 1 мл 
витамині бар (1 или 5%) ампуланы (аптекаларда сатылады)
ашып, дистильденген сумен көлемін 100 мл-ге дейін жеткізеді. 
Сонда ерітіндінің 1 мл-іне 0,1 немесе 0,5 мг витамин сәйкес
келеді. 
7. Концентрлі ерітінділер құйылған ыдыстардың сыртына оның 
атын, концентрациясын және дайындалған күнін жазып, 


тоңазытқышқа салып, 4-7 С температурады 1 айға дейін
сақтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет