ерітінді құйып толтырады, калғандарына стерильденген су құяды.
Тазаланған және дистиьденген суда жуылған өсімдік материалын
бірнеше секундка 96%-тік
этил спиртіне батырып, сонан кейін оны
стерильдеуші ерітіндіге салады да, осы кезден бастап уақытты
белгілейді.
Қоректік ортада өсіру үшін өсімдіктердің түйнектері мен тамыр
жемістерін пайдаланбаған
дұрыс деп есептеледі, себебі олар
стерильдеу кезінде срітіндіге батпай, оның бетінде қалқып жүреді.
Залалсыздандыратын косылыс өсімдік ұлпаларын зақымдауы мүмкін
Сондықтан стерильдеу барысында ерітіндінің өсімдік материалының
ішкі ұлпаларына еніп кетпеуі үшін сабақ, тамыр, сағақ, жапырақ,
қолтық және төбелік бүршіктердің кесілген ұштарын парафинмен
бекітеді.
Егер бұл процедура орындалмаса, сабақтың, тамырдың
немесе сағақтың ұшын стерильденген скальпельмен немесе
қайшымен кесіп тастайды. Майда объекттерді (тұқым, бүршік,
флоральды мүшелер) дәкеге салады да, жіппен орап стерильдейді.
Стерильдеуші ерітіндіге салынған материалды ыдысымен бірге
ламинар-бокстың ішіне қояды. Стерильдеу
уақыты аяқталысымен
өсімдік материалын стерильденген пинцет көмегімен залалсызданған
су құйылған ыдыстарға салады да, әркайсысында 5 минуттен
ұстайды. Осылай залалсызданған өсімдік материалын стерильденген
Петри
тостағаншасына салып, оның мүшелерін, ұлпаларын және т.б.
бөліктерін жасанды қоректік ортаға отырғызуға пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: