II. Не продам. Я без своей шубы сразу замерзну.
Ішігіңізді маған сатыңызшы.
Сенің ішігіңде теріден гөрі тесік көп.
Ішігімді бере м ін әрі ақша қосамын.
Сатпаймын. Мен өз ішігімсіз бірден тонамын.
Тонбайсың. Орнына менің түлкі ішігімді ал.
Тапсырма №6
Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.
Үлгі: негізгі түбір: туынды түбір: жұрнақ:
аял аялда -да
аз азай -ай
Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз,жатпа, кеткен, білдір, көргіз, салдыр, тергіз, оқыт, ағарт, алдыр, жүірт, ақтарыл.
Тапсырма №7
Берілген есім сөздере жұрнақ жазып, етістікке айналдырып жазыңдар.
Үлгі: әшекейле, алаңдау,...
Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсем, әсер,әрекет, аяқ, айшық, айқын, тамыр, әңгіме, сыр, адал, адым, аз, ажар, айбат,сан.
Тапсырма №8
Суретке ат қойып, шағын мәтін құрастыр.
18
19
Үстеу
Тіліміздегі қимылдың, і-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын,тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын,т.б сипаттарын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.
Үстеулер мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді:
Мезгіл үстеуі. Сұрақтары:қашан?, қашаннан? Мысалы:бүгін,ертең, таңертең, күні-түні, қыста, күзден бері, жазғытұрым т.б.
Мекен үстеуі. Сұрақтары қайда?қайдан? Мысалы:ілгері,жоғары,төмен,алды-арты,әрі-бері, т.б.
Сын-қимыл үстеуі. Сұрақтары:қалай?қайтіп?қалайша?кімше?Мысалы:ақырынжүрді, тез келді,бірден сөйледі,шалқасынан құлады,балаша мәз болды,емін-еркін отырды, бостан-босқа жүрді т.б.
Мөлшер үстеуі. Сұрақтары:қанша?қаншама?қаншалық?қаншалық? мысалы:сонша, онша,біраз,бірталай, неғұрлым т.б.
Күшейткіш үстеуі. Сұрақтары: қалай?қандай? мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |