«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм


Тапсырма №8 Өз мектебің туралы айтып бер. 21 Еліктеу сөздер



бет14/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
қазақ тілі бойынша грамматикалық тапсырмалар

Тапсырма №8
Өз мектебің туралы айтып бер.


21

Еліктеу сөздер.


Айналадағы(табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Мысалы тырс(етті), сарт (етті), күмп (берді), гүрс (етті), жалт-жұлт, қалт-құлт, ыржың-ыржың, арбаң-арбаң, сарт-сұрт т.б.
Еліктеу сөздердің түрлері

  1. Еліктеуіш сөздер. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, гүрс ете түсті, саңқ етті, топ ете түсті, қор ете қалды т.б.

  2. Бейнелеуіш сөздер. Мысалы: жалт қарады, ербең етті, тыржың етті, маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, жалт-жұлт етті т.б.


Тапсырма №1
Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қойып, жазыңдар.

Үйдегі жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды. Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдатып шатқан көп аттың ... сатырлап қатты қағысып жатқан сойыл дауысы да естілгендей болды. Тысқа шыққан ер-азамат қарбаласып ... жүгіріп, қақтығып жүріп, сойыл қаруларын табысып алып, білі ілері, бірі кейін ... етіп аттарына мініп жатты.


Керекті сөздер: абыр-сабыр, шақыр-шұқыр, дабыр-дұбыр, сатыр-сұтыр.

Тапсырма №2
Берліген еліктеу сөздерді түрлеріне қарай бөліп жазыңдар.

Жалт-жұлт. Тарс-тұрс, салдыр-гүлдір,маң-маң, гүрс, ербең-ербең, қор ету,саңқ, қызараң-қызараң,ыржың-ыржың, топ етті, абыр-сабыр, қорбаң-қорбаң.



Тапсырма №3
Берілген еліктеу сөздерден сөз тіркесі мен сөйлем құрастыр.

Тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, гүрс ете түсті, саңқ етті, топ ете түсті, қор ете қалды, жалт қарады, ербең етті, тыржың етті, маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, жалт-жұлт етті.



Тапсырма №4
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

Тыр... етті, с...рт етті, қ...ңқ етпеді, г...рс ете түсті, са...қ етті, то... ете түсті, ...ор ете қалды, жа...т қарады, ерб...ң етті, тырж...ң етті, ма...-маң басты, қыз...раң-қызараң етті, жал...-жұлт етті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет