Остеоартроз Орындаған: Науан Аяулым Топ: 107



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#127534
1   2   3

Ішкі факторлар

Дене бітімінің немесе қимыл-тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінің үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан, qenu varum, qenu valgum, омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығы, сіңірдің созылуы т. Б.) ;

буынға салмақ түсіретін семіздік;

эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс);

метаболизмдік бұзылыстар;

  • буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы;

Сыртқы Факторлар

Жарақаттар, микрожарақаттар;

түрлі заттармен улану;

  • физикалық ықпалдар (суықтану, ылғалдылық, сәулелену, вибрация);

Клиникалық көрінісі

  • Зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш түсетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангааралық буындары, бас бақайдың табан – фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын, беломыртқа буындары зақымданады. Аурудың басты белгісі – буындардың ауыруы, яғни салмақ түскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп-тұрудан, әртүрлі қимылдардан кешке қарай күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік – старттық ауырсыну, яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады. Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғанда, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетрінің бұдырлануынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы).

Тексергенде – буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалыңдайды, бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады. Саусақ буындарының зақымдануы – басым зақымданатын – саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады. Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында таралады. Қол ұшымен әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді. Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік – алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.Рентгенограммада үлкен жіліншектің айдаршықтық өсіндісі биіктен, сүйірленуі, буын саңылауының тарылуы, көптеген остеофиттердің болуы анықталады.

  • Тексергенде – буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалыңдайды, бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады. Саусақ буындарының зақымдануы – басым зақымданатын – саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады. Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында таралады. Қол ұшымен әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді. Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік – алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.Рентгенограммада үлкен жіліншектің айдаршықтық өсіндісі биіктен, сүйірленуі, буын саңылауының тарылуы, көптеген остеофиттердің болуы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет