Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері


Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі



бет4/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан хылықпыз. Сондықтан да тегімізді атадан, тілімізді анадан санған халықпыз. Қорқыт ата кітабында «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» немесе «Қыз ақылды ескермес ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе» деп текке айтылмаған.
Ұлттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. «Қызым - үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар.
Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңуі. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп алдымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау т.б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына, киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуы тиіс. Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс - тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, ықылас тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай, оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп, жылуын, қызығын молайтатын, мән - мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап, астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда". Қыз тәрбиесінде - күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру, үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.
Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды. Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады.
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты.
Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер -білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан.
Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-аналар балаларымен қолынан жетектеп ағаш-темір шеберлерінің, тігінші, ою-өрнекші, әнші, күйші адамдардың жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет