Отбасындаѓы тєрбиеніњ кейбір мєселелері



бет1/12
Дата12.06.2023
өлшемі72,52 Kb.
#100670
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Атырау инженерлік – гуманитарлық институты


Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау кафедрасы


Курстық жұмыс




Тақырыбы: Отбасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесі.


Пәні: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі


Орындаған:Ғазезова Айзада


18/115гр. мамандығы:Шет тілі:екі шетел тілі
Жетекшісі: Сұлтанова Ғ.Т. - аға оқытушы
Атырау-2021
Мазмұны:


Кіріспе........................................................................................................... 3-6
1. Адамгершілік тәрбиесінің іргетасы отбасынан басталады.
1.1 Тәрбие негізі туралы пікірлер............................................................... 6-11
1.2 Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік...............................................11-15
1.3 Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі ..........................................................15-21
2. Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы.
2.1 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасындағы ата-ананың
ұстаздық рөлін зерттеу..................................................................................21-28
2.2 Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі жан-жақты факторлардың
ролі..................................................................................................................29-32
Қорытынды ...................................................................................................32-33
Қолданған әдебиеттер тізімі .........................................................................34

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене жене рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен
отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлтгық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар -бәрі де отбасыдағы бала гәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет