Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


бай мен бектен  (Нұртуған).  Кеңес  Одағы озыпты,  Бай



Pdf көрінісі
бет188/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

бай
мен бектен 
(Нұртуған). 
Кеңес 
Одағы озыпты, 
Бай
дүниесі тозыпты, Оларда дағдарыс бар
(І. 
Жансүгіров).
Әкем ауылдағы 
бай
атаулыға мейлінше жаны қас кісі еді
(С. Көбеев).


148 
 
Бай-мырза 
– 
қазақ даласындағы қанаушы үстем таптың өкілдері.
 
Обаған облысының әлді 
бай-мырзалары
бірігіп, бір мектеп салатын 
(С. 
Көбеев).
 
Байрақ 
− 
1) ат бәйгесінде мәре сызығына қадалған ағашқа орнатылған 
жеңіс белгісі;ту 2) ауыс.
бәйге. бірнеше жүйрік аттың белгіленген жеңіс 
мәресін басып өтуге арналған жарыс түрі; 3) экспр. жеңіске 
жету үшін бар күшін салу, басын тігу; 4) метафора. бәйгедегі асыл арғымаққа 
мәреге тез жету үшін айтылған демеу сөз. 
Ақындар шығармаларында 
«байрақ»
сөзі әртүрлі мағынада қолданылып, өлең жолдарын ажарландыра 
түскен.
Байрақ
– 
ертеде мемлекеттік және әскери санаттарда және 
жаугершілікте қолданылған культтік атрибут, басқарушылардың лауазымы 
мен билік дәрежесінің белгісі.
Оны ел билеушілері мен қолбасшылары қатысқан 
салтанатты рәсімдерінде, сондай-ақ, шайқас пен әскери жорықтарда арнайы 
тағайындалған байрақшылар көтеріп жүрген. 
Байрақ
түп-негізін алғашқы қауымдық қоғамда тайпа көсемдерінің 
билік белгілері болған ағаш таяқ пен асатаяқтан алады. Ал атаудың мәні 
«ағаш 
сапқа орнатылған дәреже, белгісі»
деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз шығыс 
славян тілдеріне де енген. 
Байрақ
түріктер мен шығыс жұрттарда XVII-XVIII 
ғасырларға дейін қолданыста болған. 
Байрақтың басына рәміздік заттар мен билеуші топтың дәрежесін 
білдірген зат тағылған: ханның дәреже белгісі – мата бау, қабыланның құйрығы 
болса, әскербасыларынікі ат пен қодас құйрығы болған, ұшар басына айдаһар, 
бөрі басы, найза кескіні орнатылған. 
Әскери ұрыс, шайқас кезінде қолбасшы байрақты көтеру, түсіру арқылы 
шайқас қимылын, тактикасын өзгертіп, бағытталған арнайы белгі, парольдің 
міндеттерін де атқарған. Әскери байрақты кейіндері ту немесе жалау 
алмастырғанымен, байрақ басындағы әшекей шашақ пішіні оларға көшкен. 
Көне түркі жазуларының ескерткіштерінде 
батрақ 
(учига махсус 
ипаклик осилган еғочки аскар жангда шу билан узини белгили қилади) ұшына 
ерекше жібек ілінген ағаш, әскер ұрыста өзін осымен белгілі қылады деп 
көрсетеді 
(Қашқари М. Дев. луғ. турк. І т., Т., 1960, 492).
Кейінгі кезде 
т
дыбысының 
й
-ға алмасуы арқылы 
батрақ байрақ
болып өзгерген. Сонымен 
қатар түркі тілінде 
д
дыбысының орнына 
й 
келетіндігі бұрыннан белгілі. 
Мысалы, көне түркі тілінде 
адақ аяқ
(нога) дегенді білдіреді 
(Малов С.Е. Пам. 
Др. Тюр. пись. Мон. и Кир. М–Л., 1959, 89).
Егер 
я
дыбысының 
йа 
екендігін 
ескерсек, 
д/й
дыбыстарының ілік шатыстығы анық байқалады. Сол сияқты
д 
мен 
т
дыбыстарының бір сөз ішінде параллель, қатар қолданыла беретінін 
қазақ тілінен де 
(дүз – түз, дұзақ – тұзақ) 
байқауға болады. Бәйгенің де өз 
ішінен бірнеше түрі болады: аламан бәйге, жорға, құнан бәйге т.б. Нұртуған 
шығармаларындағы 
байрақ
– ұзаққа шабатын бәйге түрі, ал қазіргі қазақ тілі 
қолданысында 
аламан бәйге 
деген ұғыммен қалыптасқан. Ала алмай жүрмін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет