Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


байрақты, Бойдағы қалың терменен. Алты ай бойы тағат жоқ, Сөйлесе алмай  сенімен  (Нұртуған). Байраққа



Pdf көрінісі
бет189/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

байрақты,
Бойдағы қалың терменен. Алты ай бойы тағат жоқ, Сөйлесе алмай 
сенімен 
(Нұртуған).
Байраққа 
қосса жұрт шулайды: «Салторы жалғыз 


149 
келер!» деп. Айтқандай жалғыз келеді, Келіп тұрып және де Ұрынады елеңдеп 
(Нұртуған).
Байрақтың тағы бір мағынасы – ертеде бәйгеге түскен аттардың 
ішінде озған тұлпардың алатын туы, жалауының аты. Сен болсаң бұлбұл 
бақтағы, Мен едім ашық қызғалдақ! Сен болсаң асыл арғымақ, Бәйгеде тұрған 
мен 
байрақ 
(
Нұртуған).
Қараман шықты қаладан, Кернейлері бақылдап, 
Байрақтай
тулар көтерген 
(«Қамбар батыр»).
 
 
Байтақ 
− 
1) ұшы-қиыры жоқ, кең; 2) ел, жұрт, хандық. 
Нұртуған мен 
Ерімбет шығармаларында 
байтақ 
сөзімен қатар 
пайтақ
түрі де кездеседі. 
Әлейкум ассалаума, алдияр хан, Тәрк етпес өміріңді ешқандай жан. 
Байтаққа 
патша болып тұрсың ханым, Өзіңнің адал кәсіп, тәрбияңнан 
(Нұртуған).
Он 
алтыншы ғасыр басында-ай 
Пайтағын
билеп Балыхтың, Көңілінен шығып 
халықтың, Өртеген жауын жасындай 
(Нұртуған).
Шырағым, жылдам талап 
қыл, Атадан қалған 
пайтағың,
Тұрғанда кетпей көнеріп 
(Нұртуған).
Мұнысы 
Әміршінің дұрыс емес, Есітсе ертең халық бұл шешімін, қалайша 
пайтағынан 
ұшырмайды?! 
(Нұртуған).
Жоғалмас көптің оғы Қырымға атқан, Жалғыздық 
таппақ қиын жай садағын. Бағында сайрар бұлбұл, көлде бақа, Мінбесе, кірмес 
күші, хан 
пайтағын 
(Ерімбет).
Әр түрлі алтын, күміс, асыл тастың, Бағасы 
мағлұм еді − салмағында. Жайсында жай жүргенде адам қатар, Патшаның күші 
болады 
пайтағында
(Ерімбет).
Мұндағы 
пайтақ 
деп отырғаны – 
белгілі бір 
мекендегі белгілі бір ел, яғни кішігірім хандық.
Бұл сөз қазірде қолданылатын 
байтақ ел, байтақ жұрт
деген тұрақты тіркестердің қалыптасуына себепкер 
болған. О баста 
байтақ ел, байтақ жұрт
деген жеке сөздердің баламасы 
ретінде жұмсалған. Келе-келе 
байтақ 
сөзінің алғашқы мағынасы күңгірттеніп, 
«кең, ұшы-қиыры жоқ» деген мәнге ие болып қалған: 
байтақ дала
– кең дала, 
байтақ өлке
– кең өлке, ұлан байтақ 
(Сыздықова Р. Сөз. сөй. А., 1980, 42-43).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет