Ғали фарман, ұлығ заң
(І. Жансүгіров). Ғани –
бай, ауқатты, күйлі. Әртүрлі мехнатқа болған һамма, Алаңдап
ақылыңа берме залал! Ізеттілік дүнияда болған
ғани, Өнерден тарыққанда не
кембағал
(Ерімбет). Тасқындап сөзің кетті екі, үш рет, Білімің
ғани деуші еді,
қайда жүр ед? Оқуың озығырақ, мектеп көрген, Пейішке бармағымның жолын
үйрет!
(Күзен). Секілді сенің түсің
ғани Қаят, Жігіт бар ойласаңыз зият-зият
(Ақан сері). Ғамкүн (ғамкін) − қайғылы, қамығулы, қатты көңілсіз . Араб тілінде
хамм −
күйіп-пісу, қараю, қалшылдап ауыру, қайғыға бату (АРС., М., 1958,243). Жам қылып өз көңілін кіріп келсе, Елшілер наманы алып ұмтылады. Жағдайды
намадағы көріп сақи, Мойынын
ғамкін болып бір бұрады. Ұлықтың ғинаятын
сүртіп көзге, Қызметін ете берді зыр жүгіріп. Мейманды сағат сайын үш көреді,
Әдеппен кейде
ғамкін, кейде күліп. Біреуге тұлпары жоқ қысылғаннан,
Білдірмей көзден жасы ағып жүрді. Басында білмей сорлы қапы қалып, Болса
да көңілі
ғамкін, жағып жүрді
(Ерімбет). Сонда Құлтай сөйледі: Бұл серкеден
айрылсам,
Ғамкүн болып өлемін. Мен айтамын сен тыңда, Соның үшін келемін
(«Алпамыс»). Ғапыл (ғафыл) − 1) салақ, ұқыпсыз; 2) жайбарақат, аңқау. Араб
тілінде
ғаплун –
ұқыпсыз болу, елемеу; күтпеген жерде тап болу, біреудің жаңылшақтығын пайдалану (АРС., М., 1958, 726). Көңіліңнен һақ жадына
ашсаң ұя, Қылапатта
ғапыл ұйықтап жата алмайсың. Болғанда өлім – орақ,
пенде – егін, Бір егіп орса, қайтып ора алмайсың
(Ерімбет) . Адамның
ақылсызының ісі
ғапыл, «Бұл ауру ешнәрсе емес» деп көзге ілмедің. Күн
жақсы көріскенше ағажан-ай, Тіріде, тым болмаса бір келмедің!
(Ерімбет). Адам
ғапыл дүниені дер «менікі», «Менікі» деп жүргеннің бәрі онікі. Тән
қалып, мал да қалып, жан кеткенде, Сонда ойла болады не сенікі?
(Абай).