зінә деген, Шығуға бұл сөзіңіз емес жалас
(Әбдікәрім). Мұғалім
зина да қылады – деді ол
(І. Жансүгіров). Зияда −
1) ұлғаю, көбею, арту; 2) қосу, үстеу, үстеме; 3) артық. Жас
адам қартқа қастық көп ойлайды, Керіліп, кіруіне жол босатпас. Өзіне ол кеуілі
тіпті
зияда, Кәрімнен не қылады болып қастас?!
(Ерімбет). Сенің басқада
жұмысың қанша, бала, Бұл сөзің секілді емес пе ащы малта-ақ?! Жарағы
жараспайтын адамды айтып, Сенің бола ма бақытың
зияда, өмірің алты-ақ?!
(Ерімбет). Мысалы: ғиззали (степенный),
зияда (высоко), ағзам (ұлы) ...кітаби
лексика болып табылады
(І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Ғизатлу, бек
зияда уа
хұрмәтлу, Мәгәрки көрсем сізді көңілім шатлу,− деп жазған бір өлеңінде Жүніс
(С. Мұқанов). Зият (зияд) − көп; өте, аса, тым жақсы; артық, сыпайы. Сәскеде
шапқан Құла ат Ұмтылумен келеді. Кейде төпеп нөсердей, Кейде тартып
желеді. Желгенінде жүрісі Шабыстан
зият өнеді. Нағыз жүйрік екенін, Батыр
енді біледі
(Нұртуған). Шекесінде Қамбардың Бар екен алтын тұлымы, Сұрап
алған құдайдан Әлімбай ханның құлыны, Ешкімге аза бермеді Қыздан да
зият қылығы
(«Қамбар батыр»). Ерден
зият әйелдер, Әуелде болған жұмыскер,
Еңбек ері ежелден
(С. Керімбеков). Оқушым, айтушыдан болсын
зият , Ақыл
менен ғылымның білсін парқын
(Ақан сері). Жаппастың тиын берген
мырзалығын, Мақтапсың білгеніңше беріп
зияд. Мәселен, уақыты болмай қалса
бірі, Жазып сөз жамандайсың деп: «бейаманат»
(Қаңлы Жүсіп).