Зұлпұқары (Жарылқасын). Дәумен найза салысқан, Диюменен жарысқан,
Зұлпыхарын сілтеген, Сілтесе қылыш тас кескен
(Жамбыл). Астында айшылықты алты-ақ
атар теңбіл көк дүлдүл, қолында он екі құлаш
зұлпыхар , Лақап бойынша
арыстан атанған Әлі батыр Қаптағайдың қара үйіне келіп тоқтады
(Ғ. Мүсірепов). Желді қуып жетеді екен астындағы ақ тұлпары, Темірден де өтеді
екен қолындағы
зұлфықары (Ә. Тәжібаев). Қалижан Бекхожин «Әппақнама»
атты соңғы кітабындағы «Ұлы Низамиға мадақ-қасыда» бөлімінде мазлұм,
зұлфуқар секілді арабизмді әдейі қолданған
(М. Әлімбаев). Жанындағы
зұлфұқар Сілтесе жан қалмас па? Суырып алды болатты, сілтеген жерін
қанатты
(«Ер Қосай»). Дін кітаптарының сипаттауында қазірет Ғали
зұлфұқар атты қылышын қаһарлана сілтесе, қабат жердің астындағы көк өгізге жеткізеді-
міс
(С. Мұқанов). Қайралып
зұлфухардай қауырсының,
Жарқылдап жарып өтті дәуір сырын
(Қ. Бекқожин). Зүлжалал (зүлзалал, зүлжәләл, зұлжалал) −
1) ұлылық иесі (діни. құдайдың көп аттарының бірі, Алланың теңеуі); 2) патшам (патшаға айтатын мәртебелік сөз). Зүлжалал – екі түбірден құралған араб сөзі:
заулун –
көзге елестеу, әулие, аруақ ;
жалалун –
ұлы даңқты, құдіретті болу дегенді
білдіреді
(АРС., М., 1958, 162-424). Жолданды бізден нама сұрамаққа хал, Екі
«мим» жанабыңа «жа» менен «дал». «Сын», «һи» шам дұғамыздан еште
қалман, сақтағай даргаһінде һақ
зүлжалал (Ерімбет). Смағұлды жүргіздің
Сабыр беріп ажалға. Сабыр бер сондай