зекет, Айтамын шариғаттың арғы түбін
(Ерімбет). Әр жылда үсір,
зекет тапсырып жүр, Екеуің Нұрмаханмен бір
барарсың, Салсүйек, ұйқы жолдас, ауыр едің, Сен шіркін қатарыңнан құр
қаларсың!
(Ерімбет). Жиып ап қайыр-садақа,
Зекет , үсір, пітірді Дұрыс па беру
әкеліп, Жорғаға мінген ғалымға?!
(Нұртуған). Себебінен қалмақтың, Хиуа,
Бұқара, Самарқандқа Біздің қазақ тоқтаған. Барған елі Қарақалпақ, Өзбек пенен
сарт болған. «Ақ тоқым» деп қазаққа, Барған соң бұлар ат қойған.
Жасауылдарын жіберіп,
Зекет деп малын ап қойған
(Нұртуған). Зекет алса
молдалар, Жұмаққа жұртты жолдайды
(Жамбыл). «Қонағым өзіңе де қарай
отыр»,− Дегендей неге керек құр қошемет?! Ораза, намазбенен хабарың жоқ.
Жалғыз-ақ беріп жүрсің малдан
зекет (Күзен). Ұлт отауын тіккенде Жойылар
елдің «қорлығы».
«Закатқа» жетім ұстайтын «Қоқанның» болмас қол құлы
(І. Жансүгіров). Зина (зына, зінә) −
1) тұрақсыздық, неке бұзушылық, бұзықтық, азғындық; 2) жезөкшелік. Қарасай ашудан жарыла жаздады. «Қас жаман әкесін
өлтіріп, шешесін
зына қылған адаммен дос болады!» деген екен. Саған соның
кері келіп тұрған жоқ па?! Онда өзім өлтіремін! Деп үйге қарай адымдай басып
келе жатты
(Нұртуған). Өзің таза жүргендей Ұрлық,
зына, ғанибет Үшеуін
айтып қозғадың. Көзге айтамын көркіңді, Осылайша, ұлтым, тозғаның!
(Нұртуған). Егер мен болсам ақымақ һәм тәкаппар, Бір табан
зынаға да
жақынырақ, Себепсіз сепкіл жағып қараладың Енді мен болып тұрмын ба ісім
аппақ?
(Ерімбет). «Зінәдан жаман – ғайбат» деген, Хадисінде ол ғазіреттің,
Аңғармаған адам емес. Өкпелейтін орным жоқ па, Інім Жүсіп надан емес?
(Даңмұрын). «Даналық» − бізге қайда данышпандық Келемеж бұл сөзіңіз, кәміл