Кемер
−
белбеу, белдік
. Парсы тілінде
камар
–
бел, мықын
дегенді
білдіреді
(ПРС., М., 1960, 406).
Салтанатпен сән түзеп, Кисін ерлер туымды.
Алтын
кемер
айшықты Сыртынан бусын жиында
(Нұртуған).
Лайқат ер
басына алмас қылыш,− Қабы алтын, сабы дәнден – қыспа күміс. Сарала бауы
болса нақышталған,
Кемерге
парлас келсе болмай кеміс
(Нұртуған).
Саймандарын сайланып, Алтыннан
кемер
байланып, Жылқыға қарай жөнелді
(«Алпамыс»);
Кемер белдік
−
әшекейлеп, қайыстан не былғарыда істелген белдік;
«Кемер»
−
парсы сөзі
(І. Кеңесбаев).
Омырауы ашылып, Шалғай кеткен
шашылып, Алтынды
кемер белбеуі
Мықынын басып тұрмаған
(Нұртуған).
Кент
–
қала, қыстақ, шаһар.
Түркі тілдерінің ескерткіштерінде де
канд
– оғыздар және олармен көршілес тұрушылардың тілдерінде қыстақ делінген
(Қашқари М. Дев. луғ. турк. Іт., Т., 1960, 330).
К. К. Юдахин
кент
–
отырықшы
ел; қыстақ; қала
дегенді білдіретін парсы сөзі деп көрсетеді
(Юдахин К.К.
Кир.РС., 1940, 254).
Омаржан, ойын көрме, назым да өнер,
Кент
халқы көрсе
сөзіңді қылар мазақ. Аяғын бір әріптің байла сөздің, Һәм толғау жаз тағы
осындай, өзге, ұзақ
(Ерімбет).
Ол күнде ұлық шаһар Қайбар, Ходжент, Кілтті
қараушы еді бірнеше
кент.
Ол уақта Қоқан есімі көп жоқ еді, Һәм оқ еді:
Шыназ, Шымкент, осы Ташкент
(Ерімбет).
Кентті
жерде жайлаған үзілмейді
базары, Қайда қалмас жігіттің өлгеннен соң мазары
(«Қобыланды батыр»).
Жақсы жүрген жеріне
Достарыңызбен бөлісу: |