Кеуірменен қас жігіт, Мұсылманмен дос жігіт, Сеніп едің өзіңе?!
Қалмақтың бұзып қаласын, Неше аттандың
кеуірге?! (Нұртуған). Мен залым;
мен
кәпір емес, сен
кәпір (М. Ақынжанов). Аруағы қашты
кәпірдің, Сұсы
басты батырдың
(«Ер Тарғын»). Қазіргі ауызекі сөйлеу тілімізде
кәпір – жек
көрген, жаны қаламайтын адамға немесе бір нәрсеге айтылатын сөз болып
қалыптасқан.
Князь −
1) бұрынғы кездегі әскер бастығы және өлке басқарушысы; 2) патша уақытындағы өзіне, баласына, ағасына, інісіне, немересіне берілген (титул). Орақ пен Мамайдың қайтадан беделі артып, еліне иелік етті.
Бұлардың кезінде қалмақтар тұрмақ, орыс мемлекетінің
князьдері де бата
алмады
(Нұртуған). Көбе − ерте кезде батырлар киген сауыт (ТС., Іт., 1959, 303). Ескі
моңғол тілінде
көбе –
батырдың сауыты (Сарыбаев Ш, Құрышжанов Ә. ХЖТТ. А., 1959, 25). Оған қарсы сөйлейтін, Дінсіз қалмақ сен бе едің?! Едіге
мұнда келсе егер, Жыртпас па еді
көбеңді, Оймас па еді төбеңді, Ұрмас па еді
енеңді?!
(Нұртуған). Бес қаруды байлапсың, Қаусырмалап денеңді. Бірнәрсені
ойлапсың, Үстіңе киіп
көбеңді. Батыр болсаң бикешті, Тез іздерсің сен енді!
(Нұртуған). Ажал оғы келгенде, қорғаны болмас
көбенің, Түсі суық келеді төрт
қырлы көк жебенің
(Жамбыл). Көп сандық ішінде
көбе бұзар жебе бар
(Махамбет). Зырқырай оғы кетеді, Қалмаққа таман жетеді. Көкірек қысқан
көбеден, Зырлауменен өтеді
(«Қыз Жібек»). Көбе сөзі ана тілімізде құстың
денесіндегі, қанатындағы бірін-бірі баса орналасқан қауырсындарға және жаға
терінің астына кіре орналасқан тырнаққа қатысты айтылады. Бұлай бірін-бірі
баса
орналасуды
көбелену дейді
(Будагов). Табиғатта
құстардың
қауырсындарының, жыланның, балықтың қабыршақтарының бұлай орналасуы
суықты, желді, суды өткізбейтін қорғаныс қасиетін күшейту үшін пайда болған.
Құстың, жыланның бейнелері, қауырсын мен жылан қабығы «жылан бастар»
өте ерте заманнан адамды, затты түрлі бәледен, көз тиюден сақтайды деп
саналатын. Құстың қауырсынын жыланның қабығына ұқсатып сауытты
көбелеу оның қорғаныс қасиетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге
магиялық, ырымдық рөл де атқарған
(Акишев). Сондықтан
көбе сауыттар мен
көбе темірлері көлемі, формасы, орналасуы жағынан құстың қауырсындары
немесе жыланның, балықтың қабыршақтары секілді қайталанып кездеседі.
Пішіні жағынан
көбе сауыттардың қысқа жеңді, ұзын етекті бешпент, қысқа
жеңді күртеше және жеңсіз кеудеше тәрізді үлгілері болған. Кейде мойынды
қорғайтын тік жағасы болады.
Көбе сауыттың камзол типтес жеңсіз үлгісі де
кездеседі.
Көбенің жағасы, иық жеңі, иық бауы, ілгегі, бауы,
көбе темірі, етегі
болады.
Көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің
тұсын, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ
темірден жасалған сауыт; екіншісі – бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне
ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе метал шынжырларды
(шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәрізді етіп жасалған түрі, кейінірек
187
көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Батырлар мінетін аттың да арқасы мен
жонын, қабырғасы мен мойнын түгелдей жабатын
көбелер де жасалған
(ҚСЭ, V т., 642-643). Қанды көбе – жай сауыт емес, әрдайым ұрыс майданында болатын
батыр киетін көбе.
Көбең –
толықсыған, жетілген, марқайған (жылқы туралы). Сөйлесе
тамам жұрттан тайы бөлек, Данышпан Көлдейбеков Ержан деген! Біздерді
шаппай, желмей шалықтырған, Етейген тай-құнандай болып