марту
(«Қазақ әдебиеті»).
Мархамат
−
жақсылық, рақым.
Араб тілінде
марахун
–
қуаныш,
көңілділік, масайраушылық
(АРС., М., 1958, 956).
Тарыққан сондай ерлер
дүниядан, Тауыпты, сабыр қылған соң, көп дәулетті! Солардай қазаға қайыл,
сабыр қылсаң, Бір күні таппай қалмайсың
мархаматты
!
(Ерімбет).
Бір күні
тату жүріп өліп кетсе, Жүреді мәрапаты естен қалмай. Тентектік туысқанға
бекер екен, Жүрсе игі
мархаматты
істен қалмай
(Ерімбет).
Ғадәлет пен
мархамат
ер азығы, Қайда көрсең болып бақ соған көмек
(Абай).
Мат
–
жеңілу, мою, моральдық жағынан сөзден ұтылу, сөзге мат болу.
Адаспа абыройыңнан, ая, халқым, Адассаң әлі-ақ бір күн боларсың
мат
.
Мат
қылды көп ерлерді өлім келіп, Бейопа жалғаншыда жоқ инабат
(Ерімбет).
Тақсыр-ай, жаяу-жалпы болып жүрмін, Ат мінсем, болар еді-ау көңілім шат. Сіз
берген аты құрғыр болса екен, Досқа күлкі, қылмайтұғын дұшпанға
мат
(Нұртуған).
Саулықта сайра, бұлбұл, бағындасың, Бір күні сынып шөлмек
боларсың
мат!
Алданып жалғаншының ауазасына, Неше ерлер барып құр қол
алған ұят
(Ерімбет)
«Жарлылық пен жалғыздық дұшпаныңа
мат
қылар»
(Базар
жырау).
Махшар
– ақырет, о дүние; діни ұғым бойынша заманның ақыры
болып, өлген адам баласының қайта тірілгеннен кейін күнәсі тексерілетін
орын.
Парсы тілінде
машhар
−
көрсететін, сарапқа салатын орын, көрме
дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 500).
Ал, Мұхаммед пайғамбардың айтуы
201
бойынша: жер жаратылғаннан бергі барлық өлген адамдардың қайта
тірілгеннен кейінгі жиналатын орны. «Мұнда ата-баба, үрім-бұтақ бірін-бірі
таниды», − дейді.
Махшарда
кетпес дақ болар, Балқыған күндей жүзіме.
Өтірік ұрыс салайық Халқының кіріп сеніміне
(Нұртуған).
Болады дүния пәни
кімге жолдас?! Жыларың мақұл болсаң ақіретте,
Достарыңызбен бөлісу: |