қысасын Сәуле қайтара алады деген ой оның басына келген де жоқ
(Ә. Әбішов). Л Лағнет −
қарғыс атқан, оңбаған. Араб тілінде
лағнатун –
қарғыс атқан деген сөз
(АРС., М., 1958, 925). Шыбын жаным сау күнде Бермес пе едім
жазасын?! Атаңа
лағнет заңғардың, Жеткізбес пе едім қазасын
(Нұртуған). «Таңертең атаңа
лағнет жауғыр малайларға бір түйе байлап қалыңдар десем,
күнде түйелерге ере алмай, шаңдақта жататын мына жаман түйені алып қалып,
маған ұят келтіргендерін қарашы?!»
(Нұртуған). Атаңа
лағнет Бекежан,
Арғыннан шыққан қу екен, Әккі болған сұм екен
(«Қыз Жібек»). Ләзім (лазым) − лайық, керек, қажет. Парсы тілінде
лазем –
керекті, өте қажетті деген ұғым
(ПРС., М., 1960, 433). Бір кемеге мінгендей, сапарлас
болса екі адам. Сыйласу
ләзім оларға, Туғандай бір анадан
(Нұртуған). Қарасам, халық нанғандай өкпе айтыпсың, Ол назың тауып айтсаң әбден жол-
ақ. Атаңа есіткенде еттім дұға, Исламда
ләзім еді бір қол жаймақ
(Ерімбет). ...Бүтін болу үшін барлық бөлшектер орынды болу
лазым (М. Әуезов). Ләмлі –
ақыр (тақтайдан немесе тастан қалап, қашап жасалатын, шөп-жем салатын ұзын астау). Тұтынар арғымақты ердің ері,
Ләмліде даяр
тұрса беде жемі. Ойнаса қысы-жазы тал шарбақта, Дүбірге зор тамаша еліргені
(Нұртуған). Ләһат (лаһат, лахат, лахыт, лахіт, лақат) –
1) марқұмның денесін қоятын көрдің құбыла жағынан қазылған үңгір; 2) көр, мазар. Екеуара
табақтан Қойылған еттен шайнадың. Мәйітті қоймай