топан, Мұнан соң
Нух пайғамбар болған бінә, Неше ерлер дүниеге келген жәна
(Ерімбет). Әне,
топан суы дүние жүзін қаптап, бар әлемді ағызып, жердің жеті қабат астына
түсірген
(З. Шашкин). Торқа − ең қымбат жібектің бір түрі. Көне түркі тілдерінің
ескерткіштерінде
тұрқу –
киімдік жібек (Қашқари М. Дев. луғ. турк. І т., Т., 1960, 402). Қаттауым бар үстімде,
Торқадан киген тоғыз қат. Барамын кетіп ел
асып, Туған елім болып жат
(Нұртуған). Жүрген сайын Қызылдың Өнеріне
құмартты. Кигені төре
торқа еді Асынғаны болат-ты. Жаңа талап жас батыр
Жауға қылды талапты
(Нұртуған). Тоғыз қабат
торқадан Қамзол киді қынама,
Таңдап назым тимесе, Толқыған көңіл тына ма?
(«Қобыланды батыр»). Төлеңгіт −
1) қаруланған жасақ; 2) төренің күтушісі, малшы-жалшы қызметшісі. Төлеңгіттер қазақ сұлтандары мен ханның қасындағы
феодалдарға тәуелді адамдардың әлеуметтік қауымы. Бұлар − әртүрлі
әлеуметтік жіктерге жататын сұлтандар мен хандарды паналап, бұл үшін оларға
қызмет етуге міндетті болып келгендер.
Төленгіттің енді бір бөлігі –
сұлтанның немесе хан ортасында олардың тапсырмаларын орындаушы
шабармандар, малайлар
(ҚСЭ. А., XI т., 1977, 127). Қазақ хандықтарында әскер
құрылысы күрделі болған жоқ. Тұрақты армия болмады. Әскер
төлеңгіттер жасағынан және халық жасағынан құралды
(«Қазақ ССР тарихы»). Сонда хан:
«Жағы түскір-ай, зарлай бердің ғой. Ала қойшы, сол ішікті! – деді. Бұл кезде
хан қасындағы төре,
төлеңгіттер жиналып қалып еді
(Нұртуған). Ежелден
ханның қасын сағалаған Ақылгөй, даналар мен әз азамат, Төрелер,