тәфсір деп аталады (М. Ысқақов). – Қашан
жазылғанын, кім жазғанын мен білмеймін. «АБЖД
тафсыры» аталады.
Басқаша айтқанда АБЖД түсінігі деген сөз. Осыны бір оқып көрші, − деді
Абунасырға
(А. Машанов). Тәржіме (тәржіма, тәржима) −
1) аударма (тілден тілге); 2) өмірбаян. Спандияр Көбеевтің И. Н. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы
«Үлгілі
тәржіме » деген атпен Қазанда басылып шықты
(Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров). Аса ұнатам осы сөзді, Тек
тәржіме етпей өтем
(А. Пушкин). «Екі
дәу» деген сөздің
тәржімасы, Ықтимал табылады екі аяқтан. Өзінен
жоғарғының бәрін жүктер, Өзгеден жоқ мұсалдат оған артқан
(Шораяқтың Омары мен Ерімбет). Қадірлі халық ішінде қариялардан, Есіттім ертеде бұл сөз
нұсқасын. Назымға Насыр сөзден айналдырдым, Бұл түрлі хикаяның
тәржімасын (Кете Жүсіп). «Тәржима» газетін шығарып, панисламизм мен
пантюркизмді
уағыздаған
Гаспирскийдің
қазақтың
байшыл-ұлтшыл
ақындарына әсері аз болған жоқ
(«Қазақ әдебиетінің тарихы»). Тәрк (тәрік) − қалдырып кету, тастап кету, дүние жимаушылық. Әлейкум ассалаума, алдияр хан,
Тәрк етпес өміріңді ешқандай жан. Байтаққа
патша болып тұрсың, ханым, Өзіңнің адал кәсіп тәрбияңнан
(Нұртуған). Бар
ерлер үміті зор жалғыз тайлы, Береді орны келсе басыбайлы.
Тәрк етіп бес
парызды мал жиған көп, Көңіліне өз ақылы болып жайлы
(Ерімбет). Тыныштықты, шын достықты
тәрк етті, Оны тастап жат дүниеден не күтті