төре, саудагер құлындай бұғып қашқан күн
(І. Жансүгіров). Тулақ −
1) қатқан көн; 2) аттың жаманы. Қолөнері арқылы жүн
түткенде (жүн сабағанда) астына төселетін қатқан көнді ертеде
тулақ деп
атаған. Еті арып,
тулақ болған тұлпарларың, Азбарға өзі келді жемін жерге.
Бұрынғы қалыбыңнан өзгермеңдер, Жақсылап дұға оқыңдар ал біздерге.
Нұртуған осылайша қалам тартты, Дос тұтқан еліндегі әркімдерге
(Нұртуған). Сабаумен тулақты ұрып қалғанда шыққан дыбысқа сабау да ортақ,
тулақ та
ортақ
(Ғ.Мүсірепов). Ер арыса –
тулақ (Мақал); Тулақ шашу –
күзем алғанда шашылатын шашу. І Тұғыр −
жұмысқа жегілетін ат. Көне түркі тілдерінің
ескерткіштерінде
туғрағ –
патша тарапынан ұрыс уақытында әскерлерге беріліп, тыныштықта қайтарылып алынған ат (Қашқари М. Дев. луғ. турк, І т., Т., 1960, 430). Қайтар жолда шалдығып, Бір
тұғырға үш кісі, Бір түйеге бес
кісі, Кезектесіп мінгені
(Нұртуған). Қарасай Қараүлектей қарт анасының
айтуымен, таң сарғайып келе жатқанда астына жаман
тұғыр мініп ауылына
шығып, ұлы сәске кезінде жолда кездескен малшыларға жолығып, бидің үйін
сілтетіп алды
(Нұртуған); ІІ Тұғыр −
асыранды қыран құстардың қонақтап отыратын арнаулы орны. Мен – қызыл шұбар мұзбалақ, Бағылып, қолдан жем жеген.
Тұғырдан басқа төбеге, Бір отырып көрмеген
(Нұртуған). Тұғырына саңғыған сұңқар
оңбас, үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас
(Мақал);