253
Оларым ойынындай боп балалардың,
Отырмын осылайша босқа
шерлеп
(
Тұрмағамбет);
Шерлі
–
1) ашулы, кекті, ызалы, қаһарлы; 2) ауыс. қайғылы, қасіретті,
мұңды.
Ішіңнен шыққан
шерліге
Ақылыңды айт, аяма! Кәнеки, ана, не дейсің,
тарыққан мына балаңа
(Нұртуған).
Жартасты
талай
шерлі
баспана ғып,
Қаңғырып жылдар бойы мекен еткен
(Ж. Саин).
Қайғылы, мұңды, өнерлі,
шерлі
жанға, Ой салар ойын түртер, жыбыршытар. Еліртер, екілентер,
елбіретер, Толғантар, толғақ салар, толықсытар
(І. Жансүгіров);
Шеру тарту
− соғыс ашты.
Қырым мен Еділ бойындағы ноғайлылардан
«мен»
деген батырлардан адам қалмай, темір қақпалы Дербентке қарай
шеру
тартты
(Нұртуған).
Шиға
−
1) партия, топ; 2) діни. шиға мазһабындағылар, Әлидің (Ғали)
жолын қуушылар.
«Мәскеуге әділ Мамай хан болды» деп, Есітті босқан халық
хабарын-ай. Тектісі
Ақташа хан өткен ноғай
Шиғадан
қашып көшті бермен
қарай. «Бұрынғы мекеніне жетеміз» деп, Халық көшті бермен қарай бірі қалмай
(Нұртуған).
Бұл шаһар
Бұхара деген қала,− деді,− Күнелткен сендей пақыр
әлденеше. Ішінде екі түрлі халық тұрады, Бірін сарт, бірін біледі
шиға
десе. Бір
тақта екі Әмірші отырады, Жүргізіп бар билікті екі кісі
(Нұртуған).
Осы сөзден
шиизм шыққан. Ислам сүнни және шиғи деген үлкен екі жікке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: