Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


«байрақ» сөзі әртүрлі мағынада қолданылып, өлең жолдарын ажарландыра түскен. Байрақ



Pdf көрінісі
бет38/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

«байрақ»
сөзі әртүрлі мағынада қолданылып,
өлең жолдарын ажарландыра түскен.
Байрақ
– 
ертеде мемлекеттік және 
әскери санаттарда және жаугершілікте қолданылған культтік атрибут, 
басқарушылардың лауазымы мен билік дәрежесінің белгісі.
Оны Ел 
билеушілері мен қолбасшылары қатысқан салтанатты рәсімдерінде, сондай-ақ, 
шайқас пен әскери жорықтарда арнайы тағайындалған байрақшылар көтеріп 
жүрген. 
Байрақ
түп-негізін алғашқы қауымдық қоғамда тайпа көсемдерінің билік 
белгілері болған ағаш таяқ пен асатаяқтан алады. Ал атаудың мәні 
«ағаш сапқа 
орнатылған дәреже, белгісі»
деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз шығыс славян 
тілдеріне де енген. 
Байрақ
түріктер мен шығыс жұрттарда XVII-XVIII 
ғасырларға дейін қолданыста болған. 
Байрақтың басына рәміздік заттар мен билеуші топтың дәрежесін білдірген 
зат тағылған: ханның дәреже белгісі – мата бау, қабыланның құйрығы болса, 
әскербасыларынікі ат пен қодас құйрығы болған, ұшар басына айдаһар, бөрі 
басы, найза кескіні орнатылған. 
«Әскери ұрыс, шайқас кезінде қолбасшы байрақты көтеру, түсіру арқылы 
шайқас қимылын, тактикасын өзгертіп, бағытталған арнайы белгі, парольдің 
міндеттерін де атқарған. Әскери байрақты кейіндері ту немесе жалау 
алмастырғанымен, байрақ басындағы әшекей шашақ пішіні оларға көшкен»
[72, 5 б.]. 
Нұртуған ақынның «Қарасай-Қази» дастанында 
«байрақ»
көнерген 
аталымның төрт түрлі семантикалық мағынасы қолданылған. Оны төмендегі 
кестеден анық көруге болады: 


39 
1 сурет - «Байрақ» көнерген аталымның семантикалық мағынасы 
Қазақ тілінің сөздігінде 
«байрақ», «байрақты»
сөздеріне анықтама 
берілген: 
Байрақ
– 
жалау, ту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет