І Зайыр –
анық, айқын, ашық; ІІ Зайыры –
сірә, тегінде; ІІІ Зайырлы −
білгір, білімдар [68, 267 б.].
М. Бұралқыұлының басқаруымен шыққан қазақ тілінің түсіндірмелі
сөздігінде «зайыр» сөзінің бір ғана мағынасы түсіндірілген:
Зайыр – анық, нақ,
дәл [69, 224 б.].
Н. Оңдасыновтың «Арабша-қазақша сөздігінде»
зайыр сөзінің екі түрлі
мағынасын түсіндіреді:
І Зайыр – анық ашық, күмәнсіз, жарық, жылтыр, көрнекті, көзге түсетін ;
ІІ Зайыр – cыртқы, сырт, түр, келбет [70, 110 б.].
Араб тілінде
заһирун (блестящий, яркий, цветущий, прекрасный)
жарқын, анық, айқын, тамаша, көркем деген мағынада қолданылады [71, 421 б.].
Келтірілген деректердегі аталымдарға уәж (себеп, негіз) болған негізгі
қасиеті, олардың
ерекшелік, айрықшалық белгісінің болуы және олардың
көзге көрсетерлік қасиетін көрсетеді, яғни ономасиологиялық белгісі уәжі және
атаудың жасалуында ішкі мағыналық үйлесімі мағына мен тұрпатының
қалыптасуына, сөйтіп аталымның таңбалануына себеп болған.
Шынында да мұндағы
зайыр сөзі қазір жоғарыда келтірілген
шығармалардағы мағынасында қолданылғандай еркін қолданылмайды.
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы кешегі көнерген аталым
қолданысқа қайта ене бастады. Қазіргі тілімізде
зайыр сөзі бұрынғы тар
мағынасында емес,
зайыр зат есіміне
-лы, сын есім тудыратын жұрнақ
жалғанған түрінда (формасында) кең мағынада қолданыс табуда. Мысалы,
зайырлы мемлекет, зайырлы ел т.б. Бұл жерде «жарқын мемлекет, тәуелсіз
мемлекет» деген мағынаны білдіреді.
Зайыр сөзінің мағыналық өрісі:
анық, күмәнсіз, дәл, нақты, ашық деген синонимдік қатар түзеді.
Зайыр сөзінің өзек
семасы
анық деген сөздің негізінде пайда болған.
38
Сондықтан, ғалым Б. Қасымның сөзімен айтсақ, қолданыста аталымның
бұрынғы түп-негізін іздеп жатпайды, тіл заңдылығында жаңашыл үрдіс ретінде
қабылданып, тіл дамуында болатын аталымдардағы күрделі мағынаның
туындауы, қалыптасуы, дерексіз мағынасының дамуына әкелетін заңды
құбылыс деп қарастырады [36, 96 б.].
Ақындар шығармаларында