фонетика-семантикалық, сөзжасамдық, морфологиялық,
метафоралану ерекшеліктері
жан-жақты қарастырылып, талдау жасалды.
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларындағы көнерген аталымдардың
фонетикалық жағынан араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көп
варианттылығы анықталды
.
Сонымен қатар ақындар шығармаларындағы
біркелкі ұқсас буындардан, біркелкі дыбыстардан басталатын сөздердің тармақ
басында қатарынан келуі жиірек, демек, аллитерация мен ассонанс құбылысы
көзге түседі.
Кейбір көнерген аталымдарға талдау жүргізу үстінде қазіргі тіл
қолданысында бар сөздердің қалай құбылғанын көрсетіп, тарихи деректер
беруге болады. Бір ғана мысал:
құрмет // үрмет // хұрмет // һүрмәт
т.б.
Тілдің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық тәсілдердің бәрі көнерген
аталымдарды жасауда қызмет етеді. Қазақ тілі білімінің сөзжасам саласы
бойынша жан-жақты тұжырымды ой айтқан зерттеушілер Н. Оралбаева,
А. Салқынбай, Б. Қасым, Б.Б. Жахинаның еңбектері зерттеу жасауға ықпал етті.
262
Ақындар
шығармаларындағы
көнерген
аталымдар
сөзжасамның
синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық
тәсілдер арқылы
талданып, мәні түсіндірілді.
Синтетикалық тәсіл
арқылы
-лық/-лік, -шы/-ші, -дар/-уар, -уыл
тұлғаларынан жасалған
(төрелік, қазынашы, қосшы, қолбасшы, жолшы,
баршы, тілуар, текдар, үмітдар, жасауыл)
көнерген аталымдар талданды.
Аналитикалық тәсіл
арқылы жасалған көнерген аталымдар өте көп.
Оларды сараласақ, аналитикалық
сөзқосым тәсілі
арқылы жасалған
(бекзада,
ханзада, ерзада, қолбасшы, рубасы, мыңбасы, жүзбасы, шойынжол т.б.)
көнерген аталымдар,
қосарлану тәсілі
арқылы жасалған
(көр-лаһат, заң-
шарғы, күш-мажал, қағаз-көн, пітнә-дүр, ықылас-қалас, дүр-жақұт т.б.)
көнерген аталымдар,
тіркесу тәсілі
арқылы жасалған көнерген аталымдар
көмекші етістіктің негізінде құранды етістік жасаған
(кәр ету, раушан ету,
тәстап қылу, қата алу, шейіт болу, пүшман болу, рауаж ету, зына қылу т.б.),
сондай-ақ, күрделі сөздер де
(саф азамат, ауыр олжа, ауыр қол, мүләйім сөз,
жұмла әулие, жұмла асһаб т.б.)
кездеседі. Бұлардың барлығына зерттеу
жұмыста талдау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |