Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет385/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

көнерген аталымдар
жайында айтылған теориялық пікірлері 
зерттеу жұмысының мазмұнын ашуға септігін тигізді. 
Диссертациялық жұмысқа қатысты Нұртуған Кенжеғұлұлы мен Ерімбет 
Көлдейбекұлы шығармаларындағы көнерген аталымдарды жинақтап, «Сыр 
бойы ақын-жыраулары тіліндегі көне сөздер лұғаты» деген тақырыпта сөздік 
жарық көрді. Онда көнерген аталымдардың мәні түсіндіріліп, тарихи 
этимологиялық тұрғыдан азды-көпті талдау жасалды. 
Қазақ тіліндегі көнерген аталымдардың лексикалық тобы басқа 
халықтардағыдай архаизм және историзм деп аталатын екі үлкен топқа 
бөлінеді. Заманы өтіп өшкен, құрып кеткен құбылыстарды білдіретін ұғымдар 
историзмге жатады. Лингвистикалық тұрғыдан талдауға келетін, қазіргі әдеби 
тілде синонимдері, не ауыспалы мағыналары бар, әлде тұрақты сөз 
тіркестерінде, немесе қос сөздің құрамында ғана кездесетін, өз алдына жеке 
тұрып мағына бере алмайтын аталымдар 
көнерген аталымдар
(архаизмдер)
 
тобына қосылады. Көнерген аталымдардың (иторизм мен архаизмдердің) 
негізгі айырмашылықтарын талдай келе көп уақыттың өтуімен байланысты 
кейбір көнерген аталымдардың (архаизмдердің) тарихи аталымға (историзмге) 
өтуі мүмкін деген қорытындыға келдік.
Көнерген аталымдардың басқа лексикалық топтармен (диалектизм, 
кәсіптік лексика, қарапайым сөздер т.б.) қарым-қатынасы анықталды. Көнерген 
аталымдар халық тілінің байлығы, олар жазба әдебиеттерде және әріден келе 
жатқан ескі мұраларда сақталады. Нұртуған Кенжеғұлұлы мен Ерімбет 


260 
Көлдейбекұлы шығармаларының негізінде көнерген аталымдардың сақталуына 
төмендегідей жағдаяттарды атап көрсеткенді жөн көрдік. 
а) Көнерген аталымдардың ерте кездегі бір-біріне тегі жақын туыстас көне 
түркі әдеби тілдерінде қалыптасқан норма болғандықтан ешуақытта жойылып 
кетпейді, тарихи немесе этимологиялық сөздіктерде өмір сүреді, кезі келген 
қолайлы жағдайларда олардың кейбірі активті сөздікке қайтып келе алады. 
б) Көнерген аталымдардың кейбірі ертеде сөздік қордан тұрақты орын 
алып, өз заманында белсенді қызмет атқарған байырғы сөздерден жасалған 
жаңа ұғымдар болып келеді. Мұндай көнерген аталымдар жаңа туындылардың 
түлеп түскен сыртқы қабығы сияқты. Сол қабықты сарапқа салып зерттеу ісі 
тіл құбылысындағы фактілерді тарихи деректерге әкеліп ұластырып отырады 
Ақындар шығармаларындағы көнерген аталымдардың төрт тілден енген 
қабаттары анық байқалды. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет