Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар



Pdf көрінісі
бет58/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

көнерген аталымдар
(архаизм). Бұл екі лексикалық 


54 
топтың арасындағы айырмашылық сөздердің әрі тұрақты, әрі белгілі бір 
қағидаға негізделген қасиеті болып табылады. 
Ғ. Мұсабаев көнерген аталымдарды архаизмдер және историзмдер деп 
бөліп алады да, «архаизмдер күнделікті тұрмыста, дін ұғымында, ескі әдет-
ғұрыптарда қолданылады» дей отырып, историзмдерді лексика-семантикалық 
мағыналарына қарай материалдық мәдениетке байланысты, әкімшілік басқаруға 
байланысты, қазақ қоғамының қоғамдық өміріне байланысты, Октябрь 
дәуірінен кейін туған сөздер», [90, 185-191 бб.] деп жіктейді. 
Сонымен қатар
 
Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» 
еңбегінде көнерген аталымдардың лексика-семантикалық топтарын, яғни 
архаизм мен историзмді өз алдына жеке дара топтайды: архаизмдерді − мата-
кездеме атауларына байланысты архаизмдер; салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты 
архаизмдер; киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер; діни 
ұғымдарға қатысты архаизмдер деп бөледі де, историзмдерді мынадай үш топқа 
топтайды: әкімшілік басқарумен байланысты туған историзмдер; әскери атақ 
пен қару-жараққа қатысты историзмдер; Совет тұсында пайда болған 
историзмдер [31, 86-88 бб.]. 
Аталған ғалымдардың жіктемелерін негізге ала отырып және Нұртуған мен 
Ерімбет шығармаларындағы көнерген аталымдарды саралай келіп, оларды 
мынадай лексика-семантикалық топтарға жіктедік: 
4 сурет - Көнерген аталымдардың лексика-семантикалық топтары 
Көнерген аталымдардың лексика-семантикалық топтары 
Діни ұғымдарға 
қатысты көнерген 
аталымдар 
кәуір, махшар, жаббар, бақсы, топан, пір, хақ, ие, 
Ібіліс, аят, пірадар, сопы, рабат, кәләми-шариф, 
бесін, підия, сахаба, мүрит, мүһмін, тәубе, хазірет,
иман, уәжіп, парыз, сүннет, зекет, раббі т.б
.
Әскери атақтар мен 
сауыт-сайман
атауларына қатысты 
көнерген
аталымдар
сарбаз, жасауыл, қол, жасақ, атшабар, жаршы,
көбе, сауыт, қаттау, атой салу (атой), оқшантай, 
найза, саржа, садақ, сүңгі, жебе, жарақ, қорамсақ, 
майдан, сабаз, оқшантай, кездік, баһадүр, аламан 
байрақ, аламан, жауырыншы, сардар, ләшкер т.б.
Әлеуметтік, 
әкімшілік атауларға 
қатысты
көнерген аталымдар
патша, би, хан, ханзада, бекзада, ханша, ханым, 
бай, тоқал, қатын, зайып, дат (датқа), бек, төре, 
ауылнай, князь, шерші, баршы, шайыр, қарындас, 
нәби, төленгіт, құл-құтан, бадырақ, пақыр, зүрият, 
қара, шабарман, қосшы, керуенші, қарашы
т.б. 
Киім-кешек,
мата-кездеме, үй
мүліктеріне қатысты
көнерген аталымдар
топырыш, кебін, тәж, қамқа тон, батсайы, шаһи, 
жыға, дүрия көйлек, жарғақ, бөрік, жейде, түрме, 
кебін, тон, торқа, кебеже, қазина, құмған, тулақ,
дарғаһ, қалы кілем, мүкаммал, күйме, шошала, 
мәсуек т.б. 


55 
Сыр сүлейлері Нұртуған мен Ерімбет шығармалары түгелдей поэзиялық: 
тағылымдық-философиялық, діни-танымдық философиялық өлеңдер, арнау-
толғаулар, айтыстар, дастандар болып келеді. Әрине, дастандарының тілінде 
эпостық жырларға тән қара сөзбен берілген авторлық баяндаулар да кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет