52
әуеніне сай қалыптасқандықтан
«кірме сөз»
екендігін тану да оңайға соқпайды,
ал кейбір кірме сөздер оқшауланып, өзіндік ерекшеліктерімен игерілген.
Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауызша әдеби тілінде де
араб
және
парсы тілінен
ауысқан сөздер қай кезең болса да едәуір орын алып келеді.
Оған Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтың ислам дініне енуі,
там-тұмдап болса да мұсылманша оқу-ағартудың орын алуы, ортағасырлық
түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс болуы сияқты факторлар себеп
болды.
Сонымен
араб-парсы
тілдерінен
енген сөздер қазақ тілінің сөздік
құрамын сан жағынан ғана байытып қоймаған, оның лексикасын түр-тұрпатын,
мән-мағына жағынан да кеңейтіп кемелдендірген.
Араб-парсы
тілдерінен
ауысқан кірме сөздердің көнерген түрі қазіргі
қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, олардың
стильдік мәні жағынан саралануына ықпал жасайды. Әдеби тілде қайсысы
үстем қолданылу керек деген мәселеде төл (тума) сөз бен кірме сөздердің
арасында ана тіліміздің өз сөздері көп жағдайда үстем болып отырды. Нұртуған
мен Ерімбет шығармаларында кездесетін қазіргі қазақ лексикасында көне
сөздер қабатына енген
араб-парсы
сөздерінің төл сөзімізбен салыстырғанда
анық байқауға болады. Мәселен,
ақын
мен
шайыр,
ақша
мен
пұл, қолбасы
мен
сардар, оқымысты
мен
ғұлама, төреші
мен
қазы, үлгі
мен
ғибрат, маңдай
мен
пешене
сияқты сөздердің кейінгі сыңарлары пассив сөзге айналды. Сөйтіп, олар
стильдік синонимдердің санатына барып қосылды. Сонымен қатар қабат тілде
кері үдерістер де болды. Аталған ақындар шығармаларында кездесетін
қазақтың
қатын
деген көнерген аталымын арабтың
әйел (ғәйал)
деген сөзі
әдеби тілден ығыстырып шығарды. Ақындар туындыларында кездесетін
қазақтың байырғы
тәңір
деген сөзінің орнына парсының
құдай (ходай)
деген
діни сөзі жиі айтылатын болды.
Ақындар тілі лексикалық қабатын байытып тұрған –
Достарыңызбен бөлісу: