53
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда реакциялық бағыттағы панисламизм қозғалысы
дәуірлеп тұрған кезеңде кіргені байқалады» [89, 169 б.]. Аталған ақындар
шығармаларының құрамындағы кірме сөздердің мол қабатын
араб
пен
парсы
тілдерінің сөздері құрайды.
Ақындар шығармаларында кірме көнерген аталымдардың қабатын
монғол
тілінен
енген сөздер құрайды.
Монғол тілдерінен
қазақ тіліне сөздердің
енуінің өзіндік себебі бар. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы
көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған.
Сонымен бірге ХІІІ ғасырда монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін
жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардың
үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандығы құрылған ХV–XVIII
ғасырларда да монғолдармен тегі бір Жоңғар қалмақтары (олар тарихи
деректерде ойрат тайпаларынан тұратын батыс монғолдар деп аталады) қазақ
жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар жасап отырғаны тарихтан белгілі.
Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында моңғол тілінен кірген қазіргі
лексикамызда көне сөз болып табылатын сөздер негізінен әкімшілік, ел билеуге
байланысты:
ұлыс, нөкер, жасақ, жарлық, көбе, баһадүр, ұғыл, жасауыл,
жарлық, садақ
т.б.
Нұртуған мен Ерімбет лексикасында
Достарыңызбен бөлісу: