Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


т.б.; жер кәсібіне  байланысты:  өркен, пәлек, пәйек, сабан



Pdf көрінісі
бет6/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

 
т.б.; жер кәсібіне 
байланысты: 
өркен, пәлек, пәйек, сабан
 
т.б.; үй жасау кәсібіне байланысты: 
тез, 
сағанақ, көк
т.б.; ағаш өндіру мен ұсталық кәсіпке байланысты: 
бәрбі, ыңғауыр, 
зергер
 
т.б.; көркем өнерге байланысты: 
сері, жырау
сияқтыларды көрсетуге 
болады. 
Аталым өмір сүреді, тұрмысқа байланысты көнереді. 
Көнерген 
аталымдардың қай-қайсысы болса да халықтың тіршілік өміріне, тұрмысына 
соқпай кетпейді. Олай болса, тұрмысқа байланысты көнерген аталымдар: 
жуваз, хужре
т.б. деп көрсету тым жалпылау тәрізді. Мұнда көрсетілген 
көнерген аталымдардан үш ірі топ шығады: 1) ескі әдет-ғұрыпқа байланысты 
көнерген аталымдар: 
сыңсу, жаназа, атұстар
т.б.; 2) шаруашылық тұрмыс 
күйге байланысты көнерген аталымдар: 
пәйек, зергер, тез
т.б.; 3) әкімшілік ел 
басқару ісімен байланысты көнерген аталымдар: 
хан, болыс, дуан
т.б. Бұлар 
негізгі ірі бөліктер болып есептеледі, ал қажет болса, осы үш топтың 
әрқайсысын аталымдардың (сөздердің) түрлі қасиеттеріне қарап, тағы да ұсақ 
топтарға жіктеуге болады. 
Аталымның көнеру тәртібі көптеген халықтар тілінде бір-біріне ұқсас 
болады. Бұл ретте басқа халықтардағы көне лексика туралы пікірлерге 
қосымша орыс ғалымдары Н.М. Шанский, Е.М. Галкина-Федорук,
А.А. Реформатский, Ф.П. Филиннің көнерген аталымдар жайында айтылған 
теориялық пікірлері негізге алынды. 



Қазақ тіліндегі көнерген аталымдарды зерттеу мәселесі түркі тіліне тән 
тарихи деректермен келіп ұштасады. Ғ.Айдаров VIII ғасырға жататын 
Тоньюкук ескерткіштерінде қазіргі қазақ тілінің көнерген аталымдар қатарында 
жүрген 
түмен
(десять тысяч) 
он мың

тәңірі 
(небо или бог) 
аспан 
не
құдай 
деген мағынаны білдіретін аталымдардың кездесетіндігін көрсетеді [8, 235 б.]. 
Бұл аталымдар Нұртуған мен Ерімбет ақын шығармаларында жиі ұшырасады. 
Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар көне дәуірге тән құбылыс 
болғандықтан, қазіргі замандағы қоғам мүшелерінің бәріне бірдей түсінікті 
бола бермейді. Аталым мәнінің көмескі болуы басқа лексикалық бірліктерге де 
тән қасиет. Көнерген аталымдар өзінің осындай күңгірттігі жағынан 
диалектизмге, кәсіптік лексикалық қарапайым сөздер (просторечные слова) мен 
дөрекі сөздерге (вульгаризм), жаргондар мен аргонизмге ұқсас болып келеді. 
Бұлардың ара-жігін ашып бір-бірінен өзгешелігін көрсету үшін көнерген 
аталымдардың басты-басты қасиеттеріне тоқталған жөн. Сөз арасында 
жоғарыда көрсетілген басқа лексикалық бірліктермен салыстыра кету көзделді. 
1 Көнерген аталымдардың басқа лексикалық бірліктерден айырмашылығы 
− олар ертеде сөздік қордан тұрақты орын алып, халықтың күнделікті тіршілік 
өмірінен елеулі маңыз алған, жалпыға ортақ кең көлемді қамтыған қатынас 
құралы. 
Галкина-Федорук «Современный русский язык» еңбегінде: «Көнерген 
сөздер әдетте халықтық жазба әдеби тілінің туындысы болып есептеледі. 
Өйткені жазу-сызу болмаған кезде, бүкіл сөз атаулы ешбір жерде белгіленбеді, 
сондықтан ол дәуірдегі көнерген сөздер де із-түзсіз құрып кетіп отырды»
[9,126 б.], − деген пікір айтады. Бұл туралы Ф.П.Филин: «Ең алдымен көнерген 
сөздер мен тілдің сөздік құрамынан шығып қалған сөздерді дұрыс байқай 
білген жөн. Көнерген сөздер дегенде, ертеде әдеби тілде болып (немесе оның 
көп көрінісінің біріне жатқан), қазіргі уақытта пайдаланудан қалып, көпшілік 
жағдайда (бірақ үнемі емес) синонимдермен алмасқан сөздерді ұғу керек»
[10, 36-37 бб.],
 
− деп көрсетеді. 
Қазақ тілінде көнерген аталымдарды талдау үдерісінде жоғарыдағы 
айтылған пікірлерге сүйену өте орынды. Бұдан шығатын қорытынды көнерген 
аталымдарды негізінен әдеби тілден, жазба мұралардан, халықтық ауыз әдебиет 
үлгілерінен іздестіру керек. Ертеде жазу-сызудың жоқ кезінде ауызша 
жырланып, ауызша толғанған дастандар мен ертегілер өмір тәжірибесінен туған 
мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер тағы басқа сол сияқтылар 
жалпы халықтық сипатқа ие болған. Көнерген аталымдар көбінесе осындай 
мұраларда жиі кездесіп отырады. 
2 Көнерген аталымдар ерте кездегі бір-біріне тегі жақын туыстас көне 
түркі әдеби тілінде қалыптасқан норма болғандықтан, еш уақытта жойылып 
кетпейді, тарихи болмаса этимологиялық сөздіктерде өмір сүреді. Активті 
сөздік қордан пассивті сөздік қорға ауысады, егер бар болса, қазіргі әдеби 
тілдегі сыңарларының немесе синонимдерінің қандай жолдармен құбылғанын 
көрсететін бірден-бір тарихи шындық болады.



Осы орайда А.А.Реформатский: архаизм мен историзмнің бір өзгешелігі − 
олар қайта жанданып, жиі қолданылатын дәрежеге жете алады, басқаша 
айтқанда, пассив сөздіктен актив сөздікке қайта ауысуға толық мүмкіндігі бар 
сөздер [11, 113 б.], − дейді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет