Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Тұндырғыштарды есептеу. Тұндырғыштар алғашқы қоспа құрамындағы ең майда бөлшектерді де тұндыруға арналып жобаланады



бет11/50
Дата16.10.2023
өлшемі7,98 Mb.
#115580
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

Тұндырғыштарды есептеу. Тұндырғыштар алғашқы қоспа құрамындағы ең майда бөлшектерді де тұндыруға арналып жобаланады.


t (сек)уақыты аралығында суспензия тұнбаға және биіктігі h (м) болатын тазаланған сұйық қабатына бөлінді деп есептейік. Тұну беті F (м2) кезінде уақыт бірлігінде тазаланған сұйық көлемі Vосв3/сек) мына теңдеумен өрнектеледі:
(5)
Осы уақыт ішінде жылдамдықпен тұнатын бөлшектер h (м) жолын өтуі керек. Олай болса
(6)
Биіктікті (жолды) (5) теңдеуге қойсақ
(7)
(7) теңдеу тұндырғыштың өнімділігі оның биіктікке емес, тұну жылдамдығына және бетіне тәуелді екенін көрсетеді. Керекті тұну бетін мына өрнектен анықтаймыз:
(8)
Тазаланған сұйық көлемі Vосв оның тығыздығы rосв (кг/м3) кезінде

Мұнда Gосвтазаланған сұйық массасы, кг.
Сонда
(9)
(3) теңдеуден Gосв мәнін (9) теңдеуге қойсақ, тұну беті
(10)


Сүзу


Сүзу — сұйықты немесе газды өткізіп, асылып жүрген қатты бөлшектерді ұстайтын кеуек бөгеттердің көмегімен бөлу процесі. Суспензияны сүзгіштің көмегімен бөледі. Ол сүзу бөгетімен екіге бөлінген. Ыдыс бөліктерінде қысым айырмашылығын туындатады, соның әсерінен сұйық сүзу бөгетінің кеуектері арқылы өтеді, ал қатты бөлшектер оның бетінде қалып қояды. Сонымен суспензия таза сүзіндіге және ылғал тұнбаға бөлінеді. Сүзу бөгетінде алынған тұнбалар екіге бөлінеді: сығылатын және сығылмайтын. Қысым айырмашылығы үлкейгенмен кеуектілігі азаймайтын тұнбаны сығылмайтын тұнба деп атайды, кері жағдайда сығылатын тұнба деп атайды.

Сүзу жылдамдығы


Сүзу жылдамдығы қозғаушы күшке тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал. Айнымалы жылдамдықты дифференциалды түрде былай өрнектейміз:


(11)
Мұнда V — сүзінді көлемі, м3; S — сүзу беті, м; — қысым айырмашылығы, н/м2; m — сұйық фазаның тұтқырлығы, н×сек/м2; Roc — тұнба қабатының кедергісі; Rфп — сүзу бөгетінің кедергісі. Roc , Rфп м-1 өлшенеді.



8. 3 сурет. Сүзу процесінің тәсімі:
1 – сүзгіш; 2 – сүзу бөгеті; 3 – суспензия; 4 – сүзінді; 5 – тұнба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет