Оқу-әдістемелік және тәрбие


Гипоксия кезінде глюкозаның алмасуы



бет24/82
Дата04.04.2023
өлшемі1,99 Mb.
#79211
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Гипоксия кезінде глюкозаның алмасуы. Оттегі жетіспеген жағдайда метаболизм аэробтықтан анаэробтыққа ауыстырылып, сүт қышқылы жинақталады.
Гликолиз арқылы АТФ-пен жасушаларды қамтамасыз еткенде глюкоза көп мөлшерде жұмсалып, пируваттың және лактаттың жинақталуы байқалады.
АТФ жасушада жеткіліксіз болғанда натрий, калий, кальций иондарының концентрациялық мембраналық градиенті бұзылып, активтік тасымалдау процессі нашарлайды.
Жасуша ішіндегі кальцидің мөлшерінің жоғарылауы фосфолипазаның активтелуіне және липидтердің пероксидтық тотығуының жылдамдануына себеп болады.
Лизофосфолипидтердің жиналуы және липидтердің тотығуының жоғарылауы биомембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, олардың ыдырауына және жасушалардың жоюылуына себеп болады.
Асқазан асты бездерінің гормондары

  • Асқазан асты бездерінің А- типті ( α- жасушасында ) глюкагон түзіледі. Ол 29 аминоқышқылдардың қалдығынан тұрады. Глюкагон аденилатциклаза арқылы әсер етіп бауырдың гликогенін, май ұлпасының үшглициридін және аз мөлшерде бұлшық еттің гликогенін ыдыратады.Осының нәтижесінде қандағы глюкозаның, май қышқылының және глицириннің мөлшері жоғарылайды. Бауырда май қышқылдарының тотығуы нәтижесінде көп мөлшерде ацетил Ко А, ал олардан кетондық денелер түзіледі.

  • Сондықтан глюкагон аздап кетонемия мен кетонурия процесстерін туғызады.

  • Сонымен қатар глюкагон бауырда ақуыздың синтезін тежейді де ақуыздың катоболизмін жеңілдетеді. Осының нәтижесінде пайда болған амин қышқылдар мочевинаның түзілуіне және глюконеогенезге жұмсалады. Яғни қандағы глюкозаның концентрациясы екі процесс арқылы жоғарылатылады: гликогенолиз ( жылдам процесс) және глюконеогенез ( баяу процесс) .

Инсулин

  • Инсулин β - жасушада түзіледі.Екі полипептидтік тізбектен тұрады. А – тізбек 21 – аминқышқыл қалдығынан, ал β- тізбек 30 аминқышқыл қалдығынан тұрады. Бұл екі тізбек бір – бірімен дисульфидтік байланыспен байланысады. Осы дисульфидтік байланыстың сақталынуына байланысты, оның активтілігі де сақталады.

  • (фен)Н2N │ │ COOH (ала) В – тізбек

  • S S

  • │ │

  • S S

  • │ │

  • (гли)Н2N COOH (асн) А - тізбек

Инсулиннің секреттелу жылдамдығын глюкоза, Са2+ - иондары, аргинин, лейцин және сомототропин жоғарылатады, ал бөлінуін соматоститин тежейді.( Қанға түскен инсулин бос және плазманың ақуыздарымен байланысқан күйінде болады. Бос инсулин барлық инсулинге сезімтал рецепторлармен байланысады.Ал ақуызбен байланысқан инсулин тек май ұлпаларына әсер етеді.) ( Инсулин жүйке ұлпаларына әсер етпейді ал бауыр жасушаларына аздап әсер етеді.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет