Тұздар гидролизі



Дата21.10.2022
өлшемі374,37 Kb.
#44593
түріҚұрамы
Байланысты:
1018611.pptx (1)


Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі- тұздың қүрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін , нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.
Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиеттеріне тәуелді.
Тұздар гидролизі
Тұздар түзілу табиғатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
Күшті негіз бен күшті қышқылдан;
KCl,K2SО4,NaNО3, 
NaCl
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан;
Na2S,Na2CО3, K2S03, 
Na3PО4
;
Әлсіз негіз бен күшті қышқыл-дан; Al2(SО4)3, 
FeSО4, ZnCl2

Тұздың табиғаты мен формуласы

Бастаушы ион

Гидролиз реакциясының қысқартылған иондық теңдеу

Аз дисоциоциа- цияланатын зат

Na₂S
NaOH-күшті негіз
H₂S-әлсіз қышқыл

S⁻

S+HOH↔HS⁻+ OH⁻

HS⁻
NaHS
қышқылдық тұз

NH₄Cl
NH₄OH-әлсіз негіз
HCl-күшті қышқыл

NH₄⁺

NH₄⁺+HOH→ NH₄⁺OH+H⁺

NH₄OH

NaCl
NaOH-күшті негіз
HCl-күшті қышқыл

-

Гидролиз жүрмейді

Al₂S₃
Al(OH) ₃-әлсіз негіз
H₂S-әлсіз қышқыл

Al³⁺
S⁻

Al₂S₃+3HOH= Al(OH) ₃↓+H₂S↑

Al(OH) ₃↓ H₂S↑

1. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
NH4CI + HOH ↔ NH4OH + HCI қайтымды процесс.
NH4+ + CI- + HOH ↔ NH4OH + H+ + CI-
NH4+ + HOH ↔ NH4OH + H+ орта қышқылдық
Ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.
2. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді
Na2 CO3 + HOH ↔ NaHCO3 + NaOH
2Na + + CO32- + HOH ↔ Na+ + HCO3- + Na + + OH-
CO32- + HOH ↔ HCO32- + OH-
Орта сілтілік
3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді.
Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:
AI2S3 + 6H2O → 2AI(OH)3↓ + 3H2S↑ орта бейтарап.
4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды.
Кез келген ерітіндінің ортасының қышқылдығын, сілтілігін, нейтралдығын анықтайтын құрал қолданылады.
Сутектік көрсеткіш дегеніміз теріс таңбамен алынған сутегі иондарының концентрациясының ондық логарифмін айтады.
pH = - lg [ H+] Сутектік көрсеткіш түсінігін
1909 жылы дат химигі Серенсен енгізді.
рН арқылы ерітінділердің реакциясы былай сипатталады:
нейрал рН = 7, қышқыл рН < 7, сілті рН > 7
  • Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз сумен әрекеттеспейді (гидролизге ұшырамайды). Орта бейтарап қалпын сақтайды.
  • Әлсіз негіз және күшті қышқылдан түзілген тұз құрамындағы металл катионы гидроксид ОН-ионымен байланысатындықтан, ерітіндіге Н+ иондары жиналып қышқылдық орта береді.
  • Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз анионы сутек катионымен Н+ байланысатындықтан, ерітіндіге ОН- иондары жиналып сілтілік орта береді.
  • Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз құрамындағы иондар Н+ және ОН- иондарымен байланысатындықтан, гидролиздену реакциясы соңына дейін жүреді.

Қорытынды
Тапсырма
Берілген тұздардың:
Na2SO4, Cu(NO3)2, K2S, ZnSO4, Na2СO3 ортасын анықтап, гидролиз реакциясының теңдеуін жаз
Кім жылдам?
1. Су молекулалары әсерінен әлсіз электролит иондары не молекулалары түзіле жүретін реакциялар
2. Гидролизге ұшырамайтын тұздар
3. Толығымен гидролизденетін тұздар
4. Гидролездену нәтижесінде қышқылдық орта беретін тұздар
5. Гидролездену нәтижесінде негіздік орта беретін тұздар
6. Күшті қышқыл және күшті негіз арасындағы алмасу реакциясы
Жауаптары
1. Тұздар гидролизі
2. Күшті негіз және күшті қышқыл тұздары
3. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз тұздары
4. Күшті қышқыл мен әлсіз негіз тұзы
5. Күшті негіз және әлсіз қышқыл тұзы
6. Бейтараптану реакциясы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет