Таңдау және проекция операциялары. Декарттық көбейтінді. Екі қатынас бойынша қосылу және бірігу операциялары. Қатынастардың қиылысу, айырма және бөлу операциялары
5 Таңдау және проекция операциялары. Декарттық көбейтінді. Екі қатынас бойынша қосылу және бірігу операциялары. Қатынастардың қиылысу, айырма және бөлу операциялары Деректерді реляциялық кестеден алып шығуда қатынастарға келесі негізгі операциялар қолданылады: бірігу, қиылысу, айырым, қатынастардың кеңейтілген декарттық көбейтіндісі, сонымен қатар қатынастарға арнайы операциялар қолданылады: таңдау, проекция, қосылу және бөлу.
Таңдау операциясы Бір қатынаспен жұмыс істегендіктен таңдау және проекция операциялары унарлы болып табылады, себебі олар бір қатынаспен жұмыс істейді.
Таңдау операциясы – көлденең ішкі жиын құру, яғни берілген қасиеттері бар кортеждердің ішкі жиыны. Таңдау операциясы тек бір R қатынаспен жұмыс істейді және берілген F (предикатқа) шартын қанағаттандыратын: F(R) немесе предикат(R) R қатынасының (жолдар) кортежінен ғана тұратын нәтижелі қатынасты анықтайды.
Проекция операциясы Проекция операциясы - қатынастардың тік ішкі жиынын құру, яғни бір атрибутты таңдау және басқаларын алып тастау арқылы алынатын кортеждер ішкі жиыны. Проекция операциясы R қатынасымен жұмыс істейді және көрсетілген атрибуттар мәндерін алу және жол-қайталау нәтижесінен Па1, а2,..., аn ( R ) алып тастау арқылы R қатынасының тік ішкі жиынынан құралған жаңа қатынасты анықтайды.
Декарттық көбейтінді RхS екі қатынастың (екі кестенің) декарттық көбейтіндісі жаңа қатынаспен анықталады – ол R (әрбір жазба) қатынасы мен S қатынасының (әрбір жазба әр кортежінің) конкатенациясының нәтижесі (тіркелу).
Екі қатынас бойынша қосылу операциясы Қосылу – екі немесе бірнеше кестелерді бір кестеге бірігу процесі.
SQL тілінде қажет ақпарат таңдалынатын логикалық жазбаның жиынтығына кестелерді қосу типін беру үшін FROM ұсынысындағы JOIN операциясы қолданылады.
Операция форматы:
FROM кесте_аты _1{ INNER | LEFT | RIGHT } JOIN
кесте_аты _2
ON қосылу_шарты
Операцияның көптеген түрлері бар: