ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет13/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
MS SQL-де программалау

Көп еселі салыстыру
SQL-де екі түрлі көп еселі салыстырулар бар – ANY және ALL.
ANY предикаты. ANY тексерісінде ішкі сұраныспен таңдалған тексерілетін мәнді деректер бағанымен салыстыру үшін (=, <>, <, <=, >, >=) салыстыру операторларының біреуі қолданылады. Тексерілетін мән кезекпен бағандағы әрбір элементпен салыстырылады. Егер осы салыстырулардың кез-келгені TRUE нәтижесін берсе, онда ANY тексерісі TRUE мәнін қайтарады.
ALL предикаты. ALL тексерісінде алты салыстыру операторларының біреуінің көмегінің тексерілетін мән кезекпен ішкі сұраныспен іріктеліп алынған бағандағы әрбір элементпен салыстырылады. Егер барлық салыстырулар TRUE нәтижесін берсе, онда ALL тексерісі TRUE мәнін қайтарады.
Сұраныстардың енгізілу деңгейлері
Барлық қарастырылған сұраныстар «екі деңгейлі» және басты мен бағыныңқы сұраныстардан тұрады. Дәл осылайша, басты сұраныстың ішінде бағыныңқы болса, бағыныңқы сұраныс ішінде тағы бір бағыныңқы сұраныс болуы мүмкін, бұл жағдайда ол ішке салынған деп аталады.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17


8 Деректер қорына өзгерістер енгізу. Қосу сұранысы. Жою сұранысы. Жаңарту сұранысы
SQL деректер қорынан ақпаратты алуды ғана емес, оның ішіндегі деректерді қосу, жою, жаңарту сұраныстары көмегімен өзгертуге рұқсат етеді. Өзгерістер енгізгенде ДҚБЖ деректер тұтастығын сақтап және деректер қорына мүмкін болатын мәндерді енгізуге рұқсат етіп және де бірнеше қолданушыларға бір уақытта деректер қорын өзгертуге, деректер қорына қайшылық келтірмеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Деректер қорының құрамын өзгертуге болатын инструкцияларды қарастырайық:

  • INSERT инструкциясының көмегімен кестеге жаңа жолдар қосылады;

  • DELETE инструкциясының көмегімен жолдар кестеден жойылады;

  • UPDATE инструкциясының көмегімен кестедегі деректер жаңартылады.

Қосу сұранысы
Реляциялық деректер қорына қосуға болатын ең аз ақпарат бірлігі бір жол болып табылады. Реляциялық ДҚБЖ-де деректер қорына жаңа жол енгізудің үш тәсілі бар:
1. Бір жолды INSERT инструкциясы кестеге бір жаңа жолды қосуға мүмкіндік береді. Ол деректерді енгізу программаларында кең қолданылады.
2. Көпжолды INSERT инструкциясы деректер қорының бір бөлігінен жолдарды алуды және оларды басқа кестеге қосуды қамтамасыз етеді. Әдетте «бұрыңғы» кесте жолдары қолданылмайтын кестеге сақтау үшін жіберілгенде ай немесе жылдың аяғында қолданылады.
3. Пакеттік салу утилитасы кестеге сыртқы файлдан деректерді қосу қызметін атқарады. Бұл утилита алғашқы дерек-тер қорын толтыруға және басқа компьютер жүйесіндегі, не басқа көздерден жиналған деректерді қосуға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет