ОқУ-Әдістемелік кешен қарағанды 2012 Құрастырған



бет12/52
Дата26.01.2023
өлшемі0,93 Mb.
#63105
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
MS SQL-де программалау

Экстремумдерді есептеу
MIN( ) және MAX( ) статистикалық функциялары бағандағы мәндердің ең кіші және ең үлкен мәнін табуға мүмкіндік береді. Бұл жерде баған сандық немесе жолдық мәнге ие бола алады немесе күн/уақыт мәнін қабылдауы мүмкін. Осы функциямен қайтарылатын нәтиже бағанның деректер типі қандай болса, ол да сондай типте болады.
Бағандағы мәндер санын есептеу
COUNT( ) статистикалық функциясы бағандағы мәндер санын есептейді. COUNT( ) функциясы бағандардың деректер типіне қарамай әруақытта бүтін санды қайтарады.
COUNT( ) функциясы үшін ұяшықтардың нақты мәндері маңызды емес, берілген критерийді қанағаттандыратын ұяшықтардың саны маңызды. Сондықтан COUNT(*) арнайы статистикалық функциясы енгізілген, ол деректер мәнін емес жолдарды санайды. Тәжірибеде жолдарды санау үшін COUNT( ) емес, COUNT(*) функциясы қолданылады.
DISTINCT предикатының көмегімен бағанға статистикалық функцияны қолданбас бұрын оның ішінен барлық қайталанатын мәндерді жоюды көрсетуге болады.
GROUP BY ұсынысы бар сұраныс топтаушы сұраныс деп аталады, себебі сұраныс нәтижелер кестесіндегі бір жолды жолдар тобының әрқайсысы үшін генерациялайды және берілген кесте жолдарын біріктіреді. GROUP BY ұсынысында көрсетілген бағандар топтаушы бағандары деп аталады, себебі олар жолдардың қай белгісі бойынша топқа бөлінетіндігін анықтайды.
HAVING инструкциясы жол топтарына сұрыптау шартын анықтайды. HAVING ұсынысында WHERE ұсынысындағы сұрыптау шарты көрсетіледі.

Негізгі әдебиеттер: 1-5


Қосымша әдебиеттер: 6-17


7 Бағыныңқы және құрамды сұраныстар. Ішкі сұраныс түсінігі. Бағыныңқы сұраныстың таңдау шарттары. Бағыныңқы сұраныстар және бірігулер
SQL-де бағыныңқы сұраныс түсінігі бар; олардың механизмі бір сұраныс нәтижесін басқаның құрамы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бір сұранысты басқаның ішінде қолдану мүмкіндігі «сұраныстардың құрылымдалған тілі» атауында «құрылымдалған» сөзінің пайда болуы да осы себептен. Бағыныңқы сұраныстардың қолдану маңыздылығы: SQL-де кейбір сұраныстарды осы бағыныңқы сұраныстарсыз тұжырымдауға болмайтындығында.

  • Бағыныңқы сұраныс деп – SQL-дің басқа инструкцияларының HAVING немесе WHERE ұсынысында кездесетін сұранысын атайды. Ішкі сұраныс (ішке салынған сұраныс) – бұл уақытша кестені құру құралы, оның құрамы - сыртқы оператор көмегімен алынып және өңделетін сұраныс. Ішкі сұраныстың мәтіні жақшаға алынуы керек.

Ішкі сұраныстың екі түрі бар:
1. Скалярлы ішкі сұраныс бір мәнді қайтарады. Ол жалғыз мәнді көрсететін жердің барлығында қолданылады.
2. Кестелі ішкі сұраныс көптеген мәндерді қайтарады, яғни бір жолдан артық жолда орналасқан кестенің бір немесе бірнеше бағандар мәні. Ол кесте қолданылатын жерлердің барлығында қолданылуы мүмкін.
Бағыныңқы сұраныстағы таңдау шарттары:

  • Бағыныңқы сұраныс нәтижесімен салыстыру. Өрнектің мәні бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын бір мәнмен салыстырылады. Бұл тексеріс жай салыстыруды еске салады.

  • Бағыныңқы сұраныс нәтижесіне жататын тексеріс. Өрнек мәнінің бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын мәндер жиынының біреуіне тең болатындығы тексеріледі. Бұл тексеріс жиынға тиістілікті тексеруді еске салады.

  • Бар болуына тексеріс. Бағыныңқы сұраныс нәтижелер кестесіндегі жолдардың бар болуы тексеріледі.

  • Көп ретті салыстырулар. Бағыныңқы сұраныспен қайтарылатын көптеген мәндер жиынының әрқайсысымен өрнектің мәні салыстырылады.

Салыстыру операциясында алты салыстыру операторларын (=, <>, <, <=, >, >=), бағыныңқы сұраныс нәтижесімен қарапайым салыстырулар сияқты қолдануға болады. Салыстыруға қатысатын бағыныңқы сұраныс нәтиже ретінде жалғыз мәнді қайтару керек, яғни бір бағаннан тұратын бір жолды қайтару. Егер бағыныңқы сұраныс нәтижесі бірнеше жол немесе бірнеше баған болса, онда салыстырудың мағынасы жоқ және ДҚБЖ қате жайлы дерек шығарады. Егер бағыныңқы сұраныстың орындалу нәтижесінде бір де бір жол алынбаса немесе NULL мәні алынса, онда салыстыру операциясы NULL-ді қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет