ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Сайф Сарайидың «Гүлстан бит-түрки» поэмасы



бет22/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Сайф Сарайидың «Гүлстан бит-түрки» поэмасы. Алтын Орда әдебиетінің ХIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі Сайф Сарайи. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиетінің дамуына едәуір үлес қосқан қаламгер.

Белгілі түріктанушы Э.Н.Наджип ақын өз шығармаларын қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қазақ халқының негізін құраған ру тайпаларынан шыққанын ерекше атап көрсетеді. С.Сарайидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол «Гүлстан бит-түрки» деп аталады. Ақын бұл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында жазып бітірген. Бұл өзі парсы-тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы. Сағди Ширази бұл шығармасын 1258 жылы жазған. Ал Сайф Сарайи оны 1391 жылы Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұрған тұсында түрікше тәржімалаған. Сағди Ширази өз шығармасын ұйқасқа құрылған прозамен жазып, арасында өз ойын өлең жолдармен тұжырымдап та отырған. С.Сарайи Сағдидың «Гүлстанын» жолма-жол аударуды мақсат етпеген. Поэманың өн бойына қыпшақ еліне тән эпизодтар мен жыр жолдарын қосып отырған.

1915 жылы Анкара журналдарының бірінде Сайф Сарайидың «Гүлстан бит түрки» дастаны Голландияның табылғаны туралы хабарланған. 1950 жылы профессор Ферудун Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан «Гүлстан бит түркидің» фото көшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазып, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп, басып шығарған. Қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырлық құнды, ескерткішті Э.Н.Наджип зерттеп, орыс графикасы бойынша транскрипциялап, әрі орыс тіліне жолма -жол аударма жасап шығарды. Шығарманың өзіндік ерекшелігін ашып, қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп берді.

«Гүлістан бит түрки»түркі тілдерінін ішінде қазақ тіліне өте мөте жақын екенін дәлелдеу үшін оның лексикасын ыждағатты түрде зерттеу керек. Мұрағаттын лексикасы өте қарапайым. Араб-парсы элементтері өте аз кездеседі. Тілі жағынан «Мұхаббат намеге»өте жақын. XIV ғасырдағы орта ғасыр ескерткіштерінен бір ерекшелігі оның бойында көне элементтердің аздығы. Қыпшақ тілінде жазылған «Гүлстан бит түрки» лексикасында ұйғыр, араб, парсы элементтерінен гөрі оғыз элементі мол кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет