ҚР Ғылым және жоғары оқу министрлігі



бет1/3
Дата07.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#80329
  1   2   3
Байланысты:
Кітап құндылығы.


ҚР Ғылым және жоғары оқу министрлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тіл және әдебиет институты
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы

Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Ежелден кітап адамды тәрбиелейді: жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі кітап құндылығы».

Орындаған: Азат Әсел
Қабылдаған: ст.пр Черниязова А.Ж

Петропавл қ, 2022ж

Мазмұны:
1. Кіріспе...................................................................................................................... 3
2. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» ..................................................... 6
3. Кітап ұғымына тарихи шолу................................................................................. 8
4. «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын...» ................ 10
5. Топ 10 кітап .......................................................................................................... 18
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................ 20

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінде жеке адамды тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің негізгі мақсаты болып отыр. Ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазыналардың бірі кітап – бұл жеке тұлғаның адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға ықпалын тигізеді. Кітап – ол басшылық қабілетімізді арттыратын көмекші құрал ретінде досымыз, жұбатушымыз. Кітапты ойланбай оқу – бекер еңбек, оқымай ойлау – қауіпті нәрсе. Осы бойынша жобада кітап алдымен жан-жүрегіңе өз әсерін беріп, сана-сезіміңе ықпал етіп, бірте-бірте ойыңа да, бойыңа да сіңіп, ақыры уақыт өте жемісін беретін өлшемі жоқ тәрбие ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әдеби агенттер кітапты тауар ретінде саудалағысы келетіні бәрімізге мәлім. Егер мәңгілік рухани қазынамыз тауарға айналар болса, онда біз оны ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде қалай пайдаланамыз? Міне, осы өзекті мәселе болып отыр. Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі – кітаптың біздің алға жылжуымызға әсер ететінін, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосатындығын және қазіргі уақытта кітаптың жеке тұлға мен жас буынның тәрбиесінде үлкен рөл атқаратындығын ескере отыра, оның құнды тәрбиелік мәнін ашып, жан-жақты түсіндіріп, маңызын таныта ала аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет