Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43



бет22/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТ
Анықтамасы: – IgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуымен жүретін ауру. Мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуы көрінеді.
Пайда болу мерзімі бойынша:
- жедел;
- созылмалы.
 Ағымы бойынша:
- мезгілдік;
- жыл бойы;
- кəсіби.
 Симптомдардың сақталу мерзімдері бойынша:
-интермиттирлеуші аллергиялық ринит;
-персистирлеуші аллергиялық ринит.
 Ауырлық дəрежесі бойынша бөледі:
-жеңіл;
-орташа ауырлық (аздаған);
-ауыр аллергиялық ринит.
 Кезеңдері бойынша:- вазотониялық (қантамырлық тонустың бұзылыстарымен байланысты кезеңдік мұрын бітелулерімен мінезделетін жəне деконгестанттарды əр кезде пайдалануды қажет ететін);
-вазодилатация (мұрын шырышты қабығы қантамырларының кеңеюімен қатар жүріп, жиі мұрын бітелуімен жүретін жəне деконгестанттарды жиі пайдалануды қажет ететін);
-созылмалы ісіну кезеңі (тұрақты мұрын бітелулермен көрінетін, мұрын қуысы шырышының көгеруі, деконгестанттарды пайдалану тиімсіз);
-гиперплазия (тұрақты мұрын бітелулермен көрінетін, мұрын қуысы шырышының өсуі, полиптердің түзілуі; жиірек процессте мұрынның қосалқы қойнаулары қосылады, екіншілік отиттер дамиды, екіншілік инфекциялар қосылады; деконгестанттарды пайдалану тиімсіз).
Этиология бойынша:
-тозаңдық;
-тұрмыстық жəне эпидермалдық;
-инфекциялық;
-инсекті;
-тағамдық;
-дəрілік;
-кəсіби жəне басқа;
-аралас этиологиялы [4,6].
Ағымы бойынша:
-интермиттирлеуші (аптасына 4 күннен аз немесе 4 аптадан аз);
-персистирлеуші (аптасына 4 күннен көп немесе 4 аптадан көп).
Ауырлық бойынша:
-жеңіл (төменде көрсетілгендердің барлығы: қалыпты ұйқы, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу жəне еңбек режимінің бұзылыстары жоқ);
-орташа дəрежелі жəне ауыр (төменде келтірілгендердің біреуі немесе көп: ұйқының, өмірлік қызметтердің, спортпен айналысу мен еңбек режимінің бұзылуы, қажытушы симптомдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет