Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет30/127
Дата14.09.2023
өлшемі1,48 Mb.
#107059
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.

Математика
3-сыныптағы математика пәні бойынша оқу бағдарламасының өзгеруіне және көбейту мен бөлудің 2-сыныпта қарастырылуына байланысты 3-сыныпта қайталауға берілген сағаттар саны 4 сағаттан 14 сағатқа дейін көбейтілді. Осыған қатысты 3-сыныптағы алғашқы 14 сабақтың мазмұны толығымен өзгертілді.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-сыныпта –аптасына 4 сағат, оқу жылына 136сағат; 3, 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағат.

12-кесте – Жазба бақылау жұмыстарының саны (құрастырылған бақылау жұмысы)
Т оқсан
2- сынып
3- сынып
4 -сынып
барлығы

Тақырып
Бақылау


Тақырып
Бақылау
Тақырып
Бақылау
Тақырып
Бақылау

I

2



2

2

6



II
5
1
8
1
8
1
21
3

III


1

1

1



3

IV

1



1

1

4



жыл
5
5
8
5
8
5
21
16



Бақылау жұмысының күрделілігі қосымша тапсырмада анықталады , ол барлық оқушыларға тапсырманың орындалуын ұсынады және тек қана «4» немесе «5» деген баға қойылады; қатемен жұмыс жазу барысында міндетті





57


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

түрде есептің шығару жолдарын талдау керек; шығу жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.

13-кесте – Ауызша есеп және математикалық диктанттардың саны

Жұмыс түрі


2-сынып
3-сынып
4-сынып

I жарты
II жарты


I жарты
II жарты
I жарты
II жарты

жылдық
жылдық


жылдық
жылдық
жылдық
жылдық

Ауызша есеп


2
2
2
2
2
2

Математикалық


2
2
2
2
2
2

диктант


Бағалау нормасы Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің

классификациясы Қателер: тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында

қолдануға жататын қажеттілігі бар негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау, амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау, тапсырма мақсаты есептеу білігі мен дағдысын тексеру болғанда қате есептеу, дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді жіберіп алу, түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған шама мен геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.



Кемшіліктер : мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу; математикалық ұғымдардың ,шамалардың қате жазылуы; тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егерде 2 қатесі болса, ол 1 қатеге саналады.

Өрескел қателер: мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате; есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артық амалдар); есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.

Өрескел емес қателер: есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы; қате тұжырымдалған есеп жауабы; мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Лас безендірілген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.

Жазбаша жұмыстарды бағалау Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» 1өрескел қате 1-2

өрескел емес қате; «3» – 2 -3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате; «2» – 4 және одан да көп өрескел қате; «1» – барлық тапсырмалар қатемен орындалған жағдайда қойылады.



Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 өрескел емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп

58


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

өрескел қате ; «1» – барлық тапсырмалар орындалмаған жағдайда қойылады. Құрама есептер:«5» – қатесіз; «4» 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате,

бірақ есепте өрескел қателер болмауы қажет; «3» – 2-3өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ тапсырманың шығару жолдары дұрыс болуы қажет; «2» – 4 өрескел қате; «1» – барлық тапсырмалар қатемен орындалған жағдайда қойылады.

Қорытынды ауызша есептеу: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3-4 қате болған жағдайда қойылады.
Жазба жұмысын бағалауда есептеу дағдысын тексергенде төмендегідей баға қойылады: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате және 1-2 кемшілік ; «3» – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» – 5 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.

Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: қате таңдалған амалдар тәртібі, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса қате болып саналады.

«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.


Теңдеуді шешу жазба жұмысын бағалау: шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, сонымен қатар тексеру дұрыс орындалмаса қате болып саналады

«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.


Геометриялық материалдармен байланысты жазба жұмыстарын бағалау:

егер оқушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.

«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Ауызша жұмыстарын бағалау

Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, дербестігі, толықтығы.



Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.

Кемшіліктер:қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.

Оқушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.


Оқушыға «4» деген баға оның жауабында кемшіліктер болып , алайда «5» деген бағаның талаптарына сай болған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді оқушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған жағдайда қойылады.

59


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.

Оқушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген кезде және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.

Мұғалімнің оқушының күнделікті жұмысына жүргізген бақылау, ауызша сұрақ, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюына негіз болады. Алайда, соңғысына көп мән беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет