4 сынып Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері



бет1/28
Дата27.11.2022
өлшемі72,63 Kb.
#53065
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
e94ca7cd23c30bbc80a4e6efe6e3e8d8





4 сынып
Математика пәні бойынша оқушылардың жазба жұмыстарын (бақылау, өзіндік жұмыстарын) бағалау критерийлері:
«5» - барлық құрастырылған тапсырмаларды дұрыс орындалған;
«4» - егерде құрастырылған тапсырмаларда 1-2 өрескел қателер немесе 3
өрескел емес қателер жіберілсе;
«3» - 5 –ке дейін өрескел қателер немесе 6 өрескел емес қателер болса;
«2» - 5-тен астам өрескел қате немесе 7-8 өрескел емес қателер жіберілсе.
Бақылау жұмыстарының көлемі 4 сыныптарда – 35-40 минут және осы берілген уақытта оқушылар тапсырмаларды орындауды, тексеруді үлгеру тиіс.
Бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда мынаны ескерген жөн:

  • бақылау жұмыстарына дайындықты барлық тақырыпты меңгеру кезеңінде жүргізу;

  • болатын бақылау жөнінде балаларға ескерту жасамау;

  • тексеру жұмыстарын сабақтар барысында 10-15 минуттан өткізу;

  • оқушы бақылау жұмысын таза орындамаса немесе грамматикалық қателер жіберсе бағалауда бағаны төмендетуге болмайды.



Өздік жұмысы үш есептен тұрған жағдайда бағалау (4 сынып):
«5» - үш есеп дұрыс шығарылса;
«4» - үшеуден екі есеп дұрыс шығарылса;
«3» - үш есептен қателер жіберілсе, бірақта жауаптары дұрыс болса;
«2» - түгел есептер дұрыс шығарылмаса немесе бір есеп ғана дұрыс шығарылып, екеуі дұрыс балмаса.


1 тоқсан
4 сыныпқа арналған математика пәні бойынша
1 нөлдік бақылау жұмысы
Мақсаты: 3 сыныпта «Математика» пәні бойынша мемлекеттік стандартты меңгеру деңгейін тексеру; натурал сандар нумерациясын меңгеру деңгейін тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктер арасындағы арақатынасы туралы білімін тексеру; тіктөртбұрыштың периметрін табу; алған білімедерін есепті шығару кезінде пайдаланатынын анықтау.
Білуі керек:

  • Көбейту кестесін;

  • Периметрді табу тәсілін және оны өлшем бірліктерін;

  • Математикалық амалдар тәртібін;

  • Күрделі теңдеулерді шешу;

  • Өлшем бірліктер (ұзындық, масса, уақыт)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет