Оқу практикасының мақсаты мен міндет


Зертханалық-техникалық жабдықтау



бет4/11
Дата14.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#107244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зертханалық-техникалық жабдықтау. Кафедрада "жалпы химия", "Бейорганикалық химия", "Органикалық химия", "Аналитикалық химия", "Коллоидтық химия", "Физикалық химия", "технологиялық процестер және аппараттар" және "жалпы химиялық технология"зертханалары бар. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасының аудиториялық қорының жалпы ауданы 663,75 шаршы метрді құрайды. 81,75 шаршы метр - 2 дәріс аудиториясы және 473,25 шаршы метр-10 зертхана. Аудиториялар заманауи зертханалық аспаптармен жабдықталған: ИОНОМЕТР И-160 МИ, "Ohaus" PA-214 электрондық аналитикалық таразылар және аналитикалық таразылар, Liston c 2204 центрифугасы, Биомед 2 микроскопы, 454б 2M рефрактометрі, кептіру шкафтары, муфельді пеш, аквадистиллятор, орбиталық шейкер, интерактивті тақталар, компьютерлер және басқа да жабдықтар..
6В07270-«Фармацевтік өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы туралы мәлімет
Оқу мерзімі – 4 жыл (мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады). Оқуын аяқтаған түлекке жоғары базалық білімі туралы диплом және оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары, игерілген кредиттік саны мен бағалары көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі. Сонымен қорыта айтқанда түлектер химиялық-фармацевтік кәсіпорындарында, медициналық препараттарды және медициналық мақсатта тағайындалған бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында, биотехнологиялық және парфюмерлік-косметикалық өндірістерде, техникалық бақылау бөлімдерінде, орталық-зауыттық зертханаларда, дәрілік затттардың сапасын бақылау және стандарттау 1.«Фармацевтік өндіріс технологиясы» білім беру зертханаларында, стандарттауды, сертификациялауды және лицензиялауды басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет жасай алады. Бітіруші оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқығы бар.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: еңбек нарығына бағытталған фармацевтикалық өндіріс саласында сұранысқа ие бакалаврларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;
- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;
- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды, сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен химиялық және фармацевтикалық технология саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;
- интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет