Оқу практикасының мақсаты мен міндет


ПРАКТИКА БАЗАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



бет2/11
Дата14.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#107244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 ПРАКТИКА БАЗАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


2.1 «ЭВЕРЕСТ ФАРМ» ЖШС СИПАТТАМАСЫ
«Эверест-Фарм» ЖШС 2011 жылы Шымкент қаласы, Аймауытов, 139 мекен-жайында жұмысын бастады. Казіргі уакытта өзінің тұрақты тутынушылары бар, беделді өнеркәсіп қатарында. Өндіріс тәулік бойы, түскі жане демалыссыз жұмыс істейді.
«Эверест-Фарм» ЖШС өнеркәсітің негізгі міндеті - халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен, санитария мен гигиена заттарымен, таңу материалдарымен және басқа да медициналық құралдармен қамтамасыз ету. Осыған байланысты келесі функциялар жүктелген:

  • халыққа дайын дәрілік препараттарды дәрігердін рецептісі бойынша жане рецептісіз, Денсаулык сақтау мекемелеріне талаптар немесе өтінімдер бойынша еткізу;

  • зауыт қаптамасындағы дезинфекциялық сұйық сабын,таблеткалар,әмбебап дезинфекциялау құралдар,терге арналған антисептиктер дәрілік өсімдік шикізатын, медициналық мақсаттағы буйымдарды, дезинфекциялау куралдарын, оптиканы,емдік, балалар және диеталык тамақтануды өткізу;

  • халыққа үй жағдайында дәрілік препараттарды тиісті пайдалану және сақтау бойынша қажетті ақпаратты ұсыну;

  • жауапты өзін-өзі емдеуді қамтамасыз ету мақсатында консультативтік көмек керсету;

  • денсаулық сақтау, әлеуметтік камтамасыз ету мекемелерінін медицина қызметкерлеріне дәріханадағы дәрілік препараттар туралы, сондай-ақ жаңа дәрілік препараттар туралы кажетті акпарат беру;


2.2 «ХИМИЯ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» КАФЕДРАСЫНА СИПАТТАМА
Кафедра тарихы. Жалпы білім беретін "Химия" кафедрасы 1949 жылы құрылды, өз тарихы барысында кафедра кейбір құрылымдық және кадрлық өзгерістерден өтті. 2010 жылдың қыркүйек айында "электрохимиялық өндіріс технологиясы" кафедрасының базасында "Нанотехнология" кафедрасы құрылды, оның меңгерушісі т.ғ. к., доцент А. А. Мирзаев болды. 2014 жылы, университеттің ішкі қайта құрылымдау барысында, химия-технологиялық факультеті Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі болып қайта құрылды. Содан кейін кафедра атауы "Химия және химиялық технология негіздері"кафедрасы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта кафедраны х.ғ. д., профессор Ермеков С.Р басқарады, "Химия және химиялық технология негіздері" кафедрасы Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің тәжірибелі, озық бөлімшелерінің бірі болып келді және әлі де солай болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет