Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Педагогикалық кеңестің құрамы



Pdf көрінісі
бет74/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
2. Педагогикалық кеңестің құрамы
4. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының бас-
шысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тəрбиешілер, психо-
лог, əлеуметтік педагог кіреді.
5. Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитеттерінің 
мүшелері шақырылады.
6. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру 
ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хат-
шы сайлайды.


231
3. Педагогикалық кеңестің қызмет тəртібі
8. Педагогикалық кеңес:
1) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орын-
дау жөніндегі іс-шараларды;
2) оқу-тəрбие жəне əдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың 
барлық нысандары бойынша оқыту əдістерін жетілдіру мəселелерін, 
оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;
3) оқу-тəрбие жұмыстарын жоспарлау мəселелерін;
4) қорытынды аттестаттауды өткізу, оқушыларды емтиханға 
жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтиханнан бо-
сату, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау 
курсына қалдыру, оқушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен ма-
рапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргендігі туралы куəліктер, негізгі 
орта білімді бітіргендігі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі тура-
лы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы мəселелерін;
5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, 
аттестаттауға дайындау, марапаттау жəне мадақтау мəселелерін 
қарайды.
9. Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына əзірленетін 
педагогикалық кеңес отырысында қаралатын жəне білім беру 
ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
10. Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады.
11. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мəселелер бо-
йынша орындау мерзімі жəне орындауға жауапты тұлға көрсетілген 
қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педа-
гогикалық кеңес шешімінің орындалу нəтижесі туралы баяндайды.
12. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен 
қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім 
қабылданған болып есептеледі.
13. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған 
педагогикалық кеңеске шығарылатын мəселелердің талқылану бары-
сы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары жəне ескертулері 
жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
14. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының əрбір беті 
нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен жəне 
директордың қолымен бекітілген болуы керек.
15. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім 
беру ұйымының істерінде 10 жыл сақталады жəне акті бойынша 
мұрағатқа өткізіледі.


232
Г ҚОСЫМШАСЫ
Г кестесі – 1 МҰҒАЛІМДЕРДІ УƏЖДЕУ ЖƏНЕ ЫНТАЛАНДЫ-
РУ ЖҮЙЕСІ
Өскемен қаласының «№ 32 орта мектебі» ММ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет