Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет33/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Жоспар:

  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры.

  3. Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері.

  4. Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуы.

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар.

  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады.

Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында өзінің денесінің мөлшерімен ғана органикалық саналы өзгешеліктерімен, сондай-ақ мінез-құлықтарымен ерекшеленеді.

Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Сүйегінің көптеген бөлігі әлі шеміршек болады және оның сүйекке айналуы да кейінірек болады. Бала өмірінің алғашқы жылында жүрегі жылдам соғады. Жүрегінің жиырылу көлемі де шамалы болады. Қан қысымының көлемі үлкендермен салыстырғанда төмен және кең болуына байланысты олар үлкендерден 3 есе жылдам дем алады. Осы кезде бала организмі ерекше қарқынмен дамиды. Бірақ та ішінің бұлшық еттері баяу жетіледі. Сондықтан да үлкендерге қарағанда ас қорыту организмінің жұмысы әлсіз болады.

Бала өмірінің алғашқы жылында көбіне сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.

Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:

7 жасқа келгенде 1250 г болады.

8-9 жасқа келгенде 1300 г болады.

15 жасқа келгенде 1350 г болады.

21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды. Дегенмен мұның да өзіндік ерекшелігі болады.



  1. Шартты рефлексінің схемасы да, тез қалыптасады, бірақ бекітілуі баяу болады.

  2. Алғашқы 2-3 жылда, әсіресе, екі жасында жоғарғы жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілеті тез артады. Әйтсе де ересек балалармен салыстырғанда жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілеті төмен болады.

Сондықтан да олар тез шаршағыш келеді.

  1. 3 жастағы баланың жүйке жүйесінің төзімділігі ересектермен салыстырғанда аз болады. Балалар ұзақ уақыт бір қоздырғымен жалығып кетеді, тез шаршайды. Қүшті қоздырғыш әсеріне төзе алмайды.

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың жоғарғы жүйке жүйесі екі негізгі жүйке процесінің қызбалылығын бейнелейді. Осы кезде қозу үдерісі

  3. тежелу үдерісінен басым болады. Бос отырғанда баланы жалықтырып жібереді.

  4. Бала өмірінің алғашқы жылынан бастап барлық мінез-құлық бас ми қабығының қатысымен жүзеге асып отырады. Мысалы: бала бар ынтасымен әңгіме тыңдап отырған кезде өзінің қарны ашып отырғанын және сөйлеп тұрып укол салса денесінің ауырғанын сезбейді. Баланың осы ерекшелігі оның мінезінде ағзасының қажеттілігі мен қанағатына қатысының бар екенін көрсетеді.

  5. Жүйке үдерісінің қабылдауының алғырлығының әлсіз болуынан бала іс-әрекетіне тез жауап бере алмайды және іс-әрекетті тез орындай алмайды.

  6. Осы кезде балаға сыртқы кедергілер тез әсер етеді. Мысалы, бала тамақ ішіп отырғанда сырттан біреу келіп сөйлесе, ішіп отырған тамағын тастап, сөзді тоқтатады. Сыртта біреу сөйлегенде баланың зейінін сабаққа шоғырландыру қиын болады.

Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры.

Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің өзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес (автономиялық) сөз деп атайды. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням- ням, мам- мам, ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт-түт, шәй- тәй, ішемін-тем.

Бала тілінің тез шығьп, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Егер үлкендер дұрыс қарым-қатынас жасап, тәрбиелесе дербестік сөздер тез жойылып кетеді. Өйткені үлкендер баладан әр сөздің дұрыс айтылуын талап етіп, түзету жасап, бағыт беріп отырса баланың тіл кемістігі тез жойылады. Ал айналасындағылар баланың дербестік сөзін қолдап отырса, сол сақаулық дербес сөз ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: 5 жасар Асылзат пен Сымбаттың айналасындағы үлкендермен қарым-қатынасының жеткіліксіздігінен өзара сөйлесіп жүріп өздері ғана түсінісетін дербес сөз тіркестерін құрап алған олардың сөз буындары мен дыбыстарды құрап айтуы да анық емес болған. Соңынан екеуін екі топқа бөліп қайтадан оқу-тәрбие жұмысын жүргізгенде олар дұрыс сөйлеуте үйренген. Баланың тілінің

ерте дамып, сөйлеуді тез меңгеріп, сөздік корының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер етеді.

Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқында дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл- ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет