Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақ құрылымының өндірістегi рөлі



Pdf көрінісі
бет35/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақ құрылымының өндірістегi рөлі. Агрономиялық 
құнды құрылымның басты агротехникалық маңызы – механикалық 
өңдеулердiң арасындағы кезеңдерде топыраққа оңтайлы (қолайлы) 
құрылыс беру жəне оны тұрақты ұстап тұру. Топырақтың жыртыла-
тын қабатының орнықты құрылысына керектi агрономиялық құнды 
құрылымның басты қасиетi оның берiктiгi болып табылады.
Агрономиялық құнды құрылымның iс жүзiндегi маңызы ең алды-
мен оның топырақтың жалпы массасындағы үлесiне, яғни топырақ 
құрылымдылығының дəрежесiне (%) жəне оның агрегаттарының 
берiктiгiнiң деңгейiне байланысты болады.
Топырақтың жалпы массасындағы агрономиялық құнды 
құрылымның үлесi аз болғанда оның топырақтың құрылысына 
əсерi жеткiлiксiз болуы мүмкiн, себебi топырақтың құрылымсыз 
бөлігі – тозаң барлық iрi капиллярлы емес қуыстарды толтырады да, 
топырақта капиллярлық саңылаулылық үстемдiк алады.
Мұндай жiктеу едəуiр дəрежеде шартты болса да, топырақтың 
құрылымды жəне құрылымсыз бөліктерінің арақатынасын түсiну 
үшiн керек, себебi топырақтың құрылымдық жағдайының сапа-
лы көрінісі оның қолайлы, нақты жағдайға сəйкес берiк құрылысы 
арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Механикалық өңдеу арқылы топырақтың жыртылатын қабатына 
берiлген құрылыстың берiктiгi ол топырақтың құрылымдығының 
деңгейiне тiкелей байланысты болады. Құрылымдылық жоғары 
болған сайын топырақтың құрылысы төзімдiрек келеді жəне ол 
ұзағырақ сақталады. Құрылымдылықтың төменгi деңгейiнде, яғни 


76
топырақта «уақытша», берiк емес түйiршiктер көп болғанда олар 
сыртқы əрекеттерден, бiрiншi кезекте ағын судың əсерiнен, тез 
бұзылады жəне топырақ «балшықтанады», тығыздалады. Сондық-
тан ылғалдылығы жеткiлiктi жəне артық аймақтарда жəне суармалы 
егiншiлiкте құрылымдылығы төмен топырақтарды жиi қопсытуға, 
жылда терең өңдеуге тура келедi. Құрылымдылығы жоғары 
топырақ аймақтарында жəне ылғалы көп емес аймақтарда, мысалы, 
қаратопырақты дала аймағында қопсытудың тереңдiгi мен саны аз 
болуы керек. Ал құрылымдылығы төмен жəне ылғалы аз, мысалы 
топырақтың тығыздығы жоғарылау құрылысы керек құрғақ дала 
аймақтарында терең қопсытуды шағындау (2-5 жылда бiр жүргiзу) 
қағидасы қолданылады.
Топырақ құрылымын жақсарту шаралары, жыртылатын 
қабатының тығыздығын жəне құрылысын реттеу
Топырақтың құрылымы, оның танаптардың құнарлылығы 
жəне өнімділігі үшiн маңызы, құрылу жəне бұзылу жолдары тура-
лы iлiмдi П. А. Костычев, əсiресе, академик В. Р. Вильямс дамыт-
ты. В. Р. Вильямс топырақ құрылымының құралуындағы жоғары 
сатыдағы өсімдіктер мен микроорганизмдердiң рөлiн, құрылымның 
бұзылуы мен қайтадан құралу механизмiн, олардың құнарлылық 
үшiн маңызын көрсетті. Бiрақ В. Р. Вильямс топырақ құрылымының 
маңызын асыра бағалап, оған егiншiлiктiң барлық мiндетiн бiрдей 
жүктедi: «Бiрiншi мiндет – топырақтың түйiршiктi құрылымын 
жасау жəне оны ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң қоректенуiнiң 
барлық кезеңдерi бойында сақтау.
В. Р. Вильямстың замандастары академиктер К. К. Гедройц, 
Н. М. Тулайков жəне Д. Н. Прянишников құрылымдылықтың 
егiншiлiктегi маңызы туралы мұндай көзқарасты жақтамады. К. К. 
Гедройц құрылым туралы түсiнiктеменiң көп бөлігі субъективтi
белгiлi дəрежеде ой тұжырымы сипатына ие деп атап көрсетті.
Н. М. Тулайков құрылымның маңызын жоққа шығармайтынын 
бiлдiре отырып: «мен құрылымдылықта ешқандай үстемдiктi көре 
алмадым жəне оны соқыр сезiмге айналдырып, өмірдiң кез кел-
ген жағдайына қолдануды ұсына алмаймын», – деп жазды. Д. Н. 
Прянишников бұл туралы: «...болашақта емес, қазiрдiң өзінде-ақ 
шөптанаптан өтпей жəне құрылыммен еркiн айналыса отырып, 
тек тыңайтқыштарды үлкен мөлшерде пайдалану арқылы (əрине, 
агротехника жоғары болғанда) жоғары өнім алуға болады» – деп 


77
ойын одан да анық білдірді. Кейiнiрек Н. И. Саввинов, И. Б. Ре-
вутт, П. В. Вер шинин, Н. А. Качинскийдiң жəне көптеген басқа 
зерттеушiлердiң еңбектерi топырақтың құрылымы туралы iлiмдi 
кеңiттi жəне тереңдеттi.
Т. С. Мальцев 1953 жылы «Егiншiлiк мəдениетiн көтеру мəсе-
лелерiне творчестволық шешiм керек» деген мақаласында, «егер 
олардың тамырлары мен орудан қалған қалдықтарының қурауы 
мен ыдырауына бұл процестердiң жүруiне көпжылдық шөптердiң 
егiсiндегiдей немесе табиғаттағыдай жағдай жасалса», бiржылдық 
дақылдар да топырақты органикалық заттармен байытады деген 
тезис ұсынды. Мұндай жағдай жасау үшiн ол бес танапты ауыс-
палы егiстi ұсынды: сүрi танап, дəндi дақыл, бiр жылдық дəндi 
бұршақ дақылдары. Мұнда терең өңдеу (қайырмасыз) тек сүрi 
танапта ғана жүргiзiледi, ал бiржылдық дақылдарды жинағаннан 
кейiн күзде аңыз қалдықтары табақты сыдыра жыртқыштармен 
өңделедi.
Топырақтың құрылысы негiзiнен оны өңдеудiң жүйесiмен 
реттелiнсе де, берiлген қолайлы құрылыс пен оның берiктiгi 
топырақтағы агрономиялық құнды құрылымның санына, са-
пасына жəне өлшемiне байланысты болады. Iс жүзiнде барлық 
ауылшаруашылық топырақ-климат аймақтарында топырақтың 
құрылымдылығын жақсарту оны мəденилендiрудiң маңызды шар-
ты болып табылады. Топырақта органикалық заттарды жинау бұл 
мақсатқа жетудiң негiзгi жолы болады.
Бұл мiндеттi орындауда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердi 
жəне олардың астық тұқымдастармен қоспасын егудiң, əртүрлi 
органикалық тыңайтқыштарды көп мөлшерде сiңiрудiң, сиде-
раттар жыртудың жəне аралық дақылдарды себудiң маңызы зор. 
Көпжылдық шөптердiң, сидераттардың жəне белгiлi бiр дəрежеде 
ауыспалы егiстегi бiр жылдық негiзгi жəне аралық дақылдардың 
құрылым жасаудағы тиiмдiлiгi олардың өнімінің деңгейiне тiкелей 
байланысты болады. Жоғары өнім тек жер бетiнде ғана үлкен био-
масса құрамайды, сонымен қатар өсімдіктердің тамырлары таралған 
қабатта бiркелкi жайылған көп тамыр қалдырады. Бұл құрылым 
құралу үшiн шiрiндi заттар бередi жəне топырақтың физикалық 
қасиеттерiн жақсартады.
Санына, сапасына мезгiлi мен топыраққа сiңiру тəсiлiне 
қарай органикалық тыңайтқыштар шашу мен сидераттар жыр-


78
ту топырақтағы берiктiгi жоғары агрегаттардың санын арттыруы 
мүмкiн.
Топырақты өңдеу де оның өңделетін қабатының құрылымын 
жақсартуы мүмкiн. Д. Г. Виленскийдiң, П. В. Вершининнiң жəне 
тағы басқалардың еңбектерiнде оңтайлы «құрылым құрауға» 
ылғалдылығында (ұсақтауға) өңдеу табиғи агрегаттарға ұқсас 
саңылаулы, мықты агрегаттардың пайда болатыны анықталған. 
Құрғақ жəне ылғалдылығы жоғары топырақты өңдегенде, керiсiнше, 
қолайлы ылғалдылықтан ауытқу артқан сайын құрылымның 
бұзылуы да арта түседi. Iс жүзiнде соңғысы жиiрек, əсiресе, өңдеу 
кезеңiңде ылғалдылығы төмен болатын топырақтың беткi қабатын 
өңдегенде кездеседi.
«Көп жыртылған» тозаңдалған қара топырақтарда бiраз 
жағдайларда жыртылатын қабатқа қарағанда, онан төменгi қабаттың 
құрылымы жақсы болады. Бұл жағдайда топырақтың жыртылатын 
қабаттан төменгi қабатындағы жармаң (дəн тəрiздi құрылымды) 
түйiршiктердi бетiне шығарып терең жырту тиiмдi.
Соңғы жылдары гумин қышқылы, шым тезек желiмi, битумдар, 
синтетикалық полимерлер сияқты жасанды құрылым жасайтын 
желiмдегiш заттарды пайдалануға бағытталған зерттеулер көптеген 
елдерде кеңiнен жүргiзiлуде. Топыраққа шамалы мөлшерде (1-2 ц/
га) енгiзiлiп, оның беткi қабатының құрылымын, қабыршақ жасауға 
мүмкiндiк бермей жақсартатын заттар iздестiрiлуде.
Қазiрде К-1, К-4, К-6, ПАА жəне басқа құрылым жасай-
тын полимерлiк препараттар ұсынылған. Полимерлiк құрылым 
жасаушылардың əрекетi олардың топырақтың терiс зарядты 
бөлшектерiне коагуляциялық əсерiнен топырақтың бөлшектерiн 
микроагреграттарға бiрiктiретiн жiп тəрiздi молекулалар құрауына 
негiзделген. Микроагрегаттардың құралуында басты рөлдi топырақ 
бөлшектерінің бетiндегi полимерлердiң адсорбциясы жəне валенттiк 
байланыстың пайда болуы атқарады. Осындай жағдайда пайда 
болған топырақ құрылымдарының əсерi 3-6 жылға созылады.
Өкінішке орай, бiр препараттың əртүрлi топырақтардағы əрекетi 
бiрдей емес, жеке алғанда, топырақ ерiтiндiсiнiң реакциясына бай-
ланысты болады. Сонымен қатар, полимерлiк препараттармен өңдеу 
топырақтардағы жоғары құрылым құрау əрекетiне, өнімнің өсуiне 
қарамай, бағасының жоғарылығына байланысты, оларды пайдалану 
тек топырақ мелиорациясын жүргiзгенде, су жəне жел эрозиясымен 


79
күрескенде, бағалы жəне техникалық дақылдарды өсіргенде ғана 
экономикалық жағынан тиiмдi болады.
Топырақтың құрылымдылығы ауыспалы егiсте дақылдарды 
дұрыс таңдау жəне олардың алмасуы арқылы, топырақты өңдеудi 
азайту, органикалық жəне минералды тыңайтқыштарды пайдала-
ну, артық қышқылдылық пен сiлтiлiктi жою сияқты топырақты 
мəденилендiрудiң басқа шаралары арқылы да жүзеге асырылады.
Жыртылатын, 
əсiресе, 
тұқым 
сiңiрiлетiн 
қабаттардың 
борпылдақтығы жоғары болғанда олардың тығыздығын катоктарды 
пайдалану арқылы реттейдi. Тəжiрибе мен практика көрсеткендей, 
сортаң емес қара жəне қара қоңыр топырақтарда тұқым мен 
топырақтағы ылғалдың байланысын жақсарту үшiн тұқымды сеп-
кенге дейiн жəне сепкеннен кейiн катоктар пайдаланған тиiмдi. 
Балшықтанатын сортаңды қара жəне қара-қоңыр топырақтарда 
тұқым тығыздалған төсенiш жəне тұқым сепкiштiң шүмегiне 
тiрек дайындау үшiн тұқымды себу алдыңда топырақты катокпен 
тығыздау тиiмдi болады.
Кейбiр жағдайларда топырақтың қолайлы тығыздығы мен 
құрылысына қол жеткiзу үшiн табиғаттың күшi мен уақыт факторы 
пайдаланылады. Мысалы, қара топырақты емес аймақта екпе сүрi 
танаптарда топырақтың қолайлы тығыздық пен құрылысына дейiн 
жауын-шашын мен гравитациялық күштердiң əсерiнен табиғи шөгуі 
жүруi үшiн терең өңдеудi күздiк дақылдарды себуден 20-25 күн 
бұрын жүргiзедi.
Осы мақсатпен ауылшаруашылық аймақтарының көпшiлiгiнде 
дəндi дақылдарды себу кезеңiне дейiн жауын-шашынның, қар 
суының жəне гравитациялық күштердiң əсерiнен күзгi-қысқы-
көктемгі кезеңдерде шөгіп тұқым себу кезеңiне дейiн қолайлы 
тығыздық пен құрылысқа жетуi үшiн топырақтың негiзгi терең 
өңдеуiн көктемде емес, күзде жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет