Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет296/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   481
16.5 Өзге кірістер есебі

Шоттар жоспарының «Өзге кірістер» бөлімінің шоттарында ұзақ мерзімді 

активтердің  əділ  құнының  өзгеруінен,  ұзақ  мерзімді  активтердің  шығып 

қалуынан,  заңды  жəне  жеке  тұлғалардан  активтерді  қайтарымсыз  алудан, 

бағамдық айырмадан түсетін жəне өзге кірістер ескеріледі [16.6-кесте].

16.6-кесте 

Өзге кірістер есебі



Операцияның 

мазмұны

Дт

Кт

1

Ұзақ мерзімді 



активтердің əділ 

құнының өзгеруінен 

түсетін кірістер

2300 Негізгі құралдар

6310 Əділ құнның 

өзгеруінен түсетін кірістер

2

Ұзақ мерзімді 



активтердің шығып 

қалуынан түсетін 

кірістер

1231 «Сатып 

алушылар 

мен тапсырыс 

берушілердін қысқа 

мерзімді дебиторлық 

берешегі


6320 Ұзақ мерзімді 

активтердің шығуынан 

алынатын кірістер

3

Активтерді қайтарусыз 



алудан түсетін кірістер

2300 Негізгі құралдар

6330 Өтеусіз түрде алынған 

активтерден алынатын 

кірістер

4

Жетіспеушілігі  



анықталған 

материалдар мен өзге 

қорлардың  есептен 

шығарылуы 



7460 Өзге шығыстар

1310 Материалдар

1320 Аяқталмаған өндіріс

1330 Дайын өнім

1340 Тауарлар

1350 Жолдағы қорлар


327

Ұзақ  мерзімді  активтердің  əділ  құнының  өзгеруінен  түсетін  кірісті  тану 

мынадай жазбамен көрсетіледі: ұзақ мерзімді активтің тиісті шотының дебеті 

жəне 6310 «Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шотының кредиті.

Ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан түсетін кірістер мынадай жаз-

бамен көрсетіледі: 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердін қысқа 

мерзімді  дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6320 «Ұзақ 

мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер» шотының кредиті.

Активтерді қайтарусыз алудан түсетін кірістер Шоттар жоспарының тиісті 

қосалқы шоттың/шотының дебеті жəне 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтер-

ден алынатын кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Бағамдық айырмадан кірістер мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі:

 

– бағам  артқан  кезде:  Шоттар  жоспарының  тиісті  қосалқы  шотының/



шотының дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының 

кредиті;


 

– бағам төмендеген кезде: Шоттар жоспарының тиісті қосалқы шотының/

шотының дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының 

кредиті.


Үшінші  тараптардың  активтердің  құнсыздануынан  шығындарды  өтеуден 

кірістерді тану ұзақ мерзімді активтің құнсыздануына резервтің тиісті шоты-

ның  дебеті  жəне 6350 «Шеккен  зиянды  өтеуден  алынатын  кіріс»  шотының 

кредиті бойынша көрсетіледі.

6360 «Өзге  кірістер»  шотында  мыналардың  нəтижесінде  туындаған 

мемлекеттік мекеменің кірістері көрсетіледі:

 

– мемлекеттік  мекеменің  кассасында  ақша  қаражатының  артықтығын 



анықтау: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 6360 «Өзге 

кірістер»  шотының  кредиті,  бір  мезгілде: 7120 «Бюджетке  төленетін  төлем 

бойынша  шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша 

бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының 

кредиті;

 

– кінəлі тұлғалар есебіне жатқызылған материалдар мен тамақ өнімдерінің 



жетіспеушілігі  мен  шығындарын  есептен  шығару: 1262 «Қызметкерлердің 

өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойынша  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешегі» 

қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6360 «Өзге  кірістер»  шотының  кредиті  жəне 

бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының 

дебеті  жəне 3133 «Өзге  операциялар  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа 

мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; 

 

– бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешекті қайтару: дебиторлық 



берешектің тиісті шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті; 

1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты»  шоттарының  дебеті  жəне  дебиторлық 

берешектің  тиісті  шотының  кредиті; 7120 «Бюджетке  төленетін  төлем  бо-

йынша шығыстар» шотының дебеті  жəне 3133 «Өзге операциялар бойынша 

бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының 



328

кредиті; 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді   

кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша 

қаражаты» шотының кредиті;

 

– үмітсіз кредиторлық берешекті есептен шығару (бұған объективті шарт-



тар болған кезде): кредиторлық берешектің тиісті қосалқы шоттарының дебеті 

жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті;

 

– негізгі  құралдарды  жоюдан  алынған  материалдар  құнын  кіріске  жазу: 



1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» 

шотының кредиті;

 

– биологиялық  активті  биоөзгерту  үдерісінде  төлеу,  өсім  немесе  салмақ 



қосуды  алу: 2610 «Жануарлар»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6360 «Өзге 

кірістер» шотының кредиті;

 

– биологиялық  активтерден  өнім  алу: 1330 «Дайын  өнім»  қосалқы 



шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті.

Жыл  аяқталғаннан  кейін  мемлекеттік  мекеме  есеп  жылының  қаржы  жы-

лына кірістер шоттарының жабылуын жүргізеді, бұл ретте кірістердің тиісті 

шоты  дебеттеледі  жəне 5210 «Есепті  жылдың  қаржылық  нəтижесі»  шоты 

кредиттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет